Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика

Гостевая книга
Республикалық ғылыми-тәжірибелік on-line конференциясы
08.11.2019 11:10

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ жоспарына сәйкес 2019 жылдың 7 қарашасында білім беру жүйесінің түрлі деңгейінде инклюзивті және интеграцияланған білім беру моделін жүзеге асыру жолдарын қарастыру, инклюзивті білім берудің тиімді үлгілерін тарату мақсатында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға инклюзивті және интеграцияланған білім беру» тақырыбында ұйымдастырылған республикалық ғылыми-тәжірибелік on-line конференциясына тіркелген 16 баяндамашының 5-і БҚО педагогтері болды.

Бұл «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» профессорлық-оқытушылық құрамының жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне инклюзивті білім беруді дамыту жағдайында оқу ортасын құру мазмұны туралы ұйымдастырып жатырған курсаралық шаралар мен курстық жұмыстарының нәтижесі деп ИББжАТ кафедрасының меңгерушісі А.Хайруллина өз баяндамасында ой түйді. Өйткені on-line конференцияда баяндамашы ретінде материалдарын ұсынған Тасқала ауданының Мерей ЖОББМ-нің педагог-психолгі О.Широглазова инклюзивті білім беруде психологиялық-педагогикалық сүймелдеу тәжірибесі туралы ой бөліссе. БҚИТ колледжінің мұғалімі Б.Омарова, Жаңақала ауданының Жаңақала ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Г.Ильясова инклюзивтік білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларымен жұмыс жасау тәжірибесі туралы айтты. Ал Орал қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ-нің география пәні мұғалімі А.Менеева ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда инновациялық технологияларды қолдану жолдарымен таныстырды. Жалпы осындай республикалық шараларға қатысып, біздің Филиал жұмысының нәтижесін практикалық тұрғыда дәлелдеп жүрген әріптестерімізге алғыс білдіреміз.

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.