Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Облыстық дөңгелек үстел өтті
06.11.2019 16:11

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» 2019 жылдың жоспарына сай 6 қараша күні «Оқушыларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеудегі педагогтің кәсіби шеберлігін қалыптастыру» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Оқушыларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеудегі педагогтің кәсіби шеберлігін жетілдіру болды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» 2019 жылдың жоспарына сай 6 қараша күні «Оқушыларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеудегі педагогтің кәсіби шеберлігін қалыптастыру» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Оқушыларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеудегі педагогтің кәсіби шеберлігін жетілдіру болды.

Ұйымдастырылған шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері, колледж, облыстық және аудандық/қалалық білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагогтері, мүдделі ұйымдардың өкілдері (барлығы 27) қатысты.

Бас қосуда тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі толғандыратын өзекті мәселелер, оқушыларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеудегі педагогтің кәсіби шеберлігін дамытудағы жаңа көзқарастар, идеялар «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудағы патриотизм, көшбасшылық қасиеттер мен азаматтықты қалыптастыру негізінде педагогтің кәсіби шеберлігі, мұғалімнің өзін-өзі дамытуы және кәсіби шеберлігін жетілдіруі, оқушылардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолдары, оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастырудағы психологиялық мәселелер, жасөспірімдер арасындағы буллинг (қудалау) және оның алдын алу, мектеп және отбасының ынтымақтастығы және өзара әрекеттестігі, оқушыларды отбасылық өмірге дайындауда мектеп пен отбасының рөлі, отбасылық психологиялық қаңғыбастық, дағдарысты шешу жолдары туралы кеңінен айтылып, талқыланып, іс-тәжірибе бөлісті.

Дөңгелек үстел жұмысының бағыттарына сай қатысушылар тақырыптарын ұсынып, көптеген өзекті мәселелерді шешуде өз пікірлерін ашық білдірді. Соның бірі, оқушыларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеу бағытында мектепте «Әжелер клубы», «Әкелер клубы» жұмыс жасап жатқаны баяндалды. «Әжелер клубы» жұмысының мақсаты: халықтық дәстүрді жаңғырта отырып, әжелеріміздің екінші ұрпағы – немерелеріне тәрбие беру мәселесі жайында іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Әкелер клубында» қазіргі қоғамдағы әкенің беделін, отбасында ер баланың рөлін көтеру мәселелері жайында жүзеге асырылып жатырған жұмыстар туралы ой бөлісті.

Дөңгелек үстел жұмысы қорытындыланып, ұсыныстар қабылданды.

Қатысушыларға куәлік беріліп, дөңгелек үстелдің ресурстық материалдары электрондық нұсқада таратылды.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.