Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Инклюзивті білім беру жағдайында оқытуды ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік семинары өтті
14.11.2019 09:03

2019 жылдың 14 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» базасында «Инклюзивті білім беру жағдайында оқытуды ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинарға мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің педагогтері мен психологтары қатысты. Барлығы 47 қатысушы.

Семинар мақсаты: білім беру жүйесінің түрлі деңгейінде инклюзивті білім беру моделін жүзеге асыруда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Семинар барысында инклюзивті білім берудің өзектілігі мен инклюзивті білім беру аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру жолдары қарастырылды; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін оқу материалдарын бейімдеу тәсілдері анықталды және дамытуға арналған жаттығулар көрсетілді.

Семинарда ұйымдастырылған шеберлік сыныптар арқылы қатысушылар ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған нүктелі массаж жасау тәсілдерін; дамытушы ойындарын; саусақ ойыны мен жаттығуларды; мектепке дейінгі балалардың тірек-қимыл аппаратының алдын алу және нығайтуға арналған ойындар мен жаттығуларды; кинезитерапияны қолдануды; баланың сенсорикалық қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды меңгерді. Сонымен қатар, жаңартылған білім беру аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін білім беру бағдарламасын, оқу материалдарын бейімдеу бойынша оқу процесін ұйымдастыру мен сабақтарда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану тақырыптары қарастырылды.

Семинардың бағдарламасы:

«Инклюзивті білім беру аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру» Шеберлік сынып

Жумагалиева Динара Шынболатовна, ББПППС кафедрасының меңгерушісі

«Нүктелі массаж жасау тәсілдері» Шеберлік сынып

Кулишова Айсауле Жумашовна, Орал қаласының №3 «Елочка» бөбекжай балабақшасының әдіскері

«Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған дамытушы ойындар» Шеберлік сынып

Даулетова Райымгуль Ербулатовна, Орал қаласының психологиялық-педагогиқалық түзеу кабинетінің олигофренопедагогі   

«Саусақ ойыны мен жаттығулары арқылы балалардың тілдерін дамыту» Шеберлік сынып

Абдушева Маруа Канатовна, Орал қаласының №3 «Елочка» бөбекжайының тәрбиешісі

«Мектепке дейінгі балалардың тірек-қимыл аппаратының алдын алу және нығайтуға арналған ойындар мен жаттығулар» Шеберлік сынып

Сахибеденова Шолпан Ешмукановна, Орал қаласының №3 «Елочка» бөбекжайының тәрбиешісі

«Марғау мен бақа» ойын жаттығуы» Шеберлік сынып

Оразаева Маншук Оразаевна, Орал қаласының №3 «Елочка» бөбекжайының тәрбиешісі

«Қазақ тілі сабағында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру» Шеберлік сынып

Айткалиева Жанара Азаматовна, Теректі ауданы, Пойма бастауыш мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
«Применение активных методов в рамках инклюзивного образования на уроках физики» Мастер-класс

Джумагалиева Асем Калиуловна, учитель физики и информатики КГУ «СОКШД имени Касыма Ахмирова», Байтерекский район, п. Погодаево

«Инклюзивті білім беру аясында ерекше білім алу мұқтаждықтары бар балаларға ағылшын тілін оқыту» Шеберлік сынып

Сарсенова Диана Маратовна, Бәйтерек ауданы, Қ.Ахмиров атындағы ЖОББМБК ағылшын тілі пәні мұғалімі.

«Методы и приемы обучения математики в процессе инклюзивного образования» Мастер-класс

Махмутова Алия Сантаевна, учитель математики  КГУ «СОКШД имени Касыма Ахмирова», Байтерекский район, п. Погодаево

«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуде кинезитерапияны қолдану» Шеберлік сынып

Турсынбаева Жанат Амангельдиевна, №10 «Балапан» бөбекжайының психологі

Мақсотова Гүлжаһан Жанболатқызы №13 «Золотой ключик» бөбекжайының психологі

Хайруллина Самал Насипкалиевна, №17 «Родничок» бөбекжайының психологі

«Страна пальчиковых игр» Шеберлік сынып

Айбатова Райгуль Кулмановна, Тасқала ауданы, «Ақбөпе» бөбекжайының психологі

«Зерде бұзылыстары бар балалармен түзету дамыту жұмыстарының ерекшеліктері» Шеберлік сынып

Ибраева Молдир Тилекбаевна, №1 «Айгөлек» бөбекжайының психологі

Сундетова Акканат Мирбулатовна, №36 «Балақай» бөбекжайының психологі

Менешева Камшат Нурбулатовна, №18 «Балдырған» бөбекжайының психологі

«Баланың сенсорикалық қабілетін дамыту» Энн Айрес бойынша. Шеберлік сынып

Кошкинбаева Жанна Аскаровна, Теректі ауданы, «Бүлдіршін» бөбекжайының психологі

Даулетова Айтолкын Сагаткалиевна, Орал қаласы, №40 «Болашақ» бөбекжайының психологі

Белисанова Айдана Бейбитовна, Орал қаласы, №38 «Жазира» бөбекжайының психологі

 

Семинар нәтижесінде қатысушыларға оқу-әдістемелік құралдар мен ұсыныстар таратылды, шеберлік сыныптар арқылы педагогтер мен психологтар тәжірибелерімен бөлісті.  Барлық қатысушыларға сертификаттар мен қатысушы куәлігі табысталды.

Д.Ш.Жумагалиева, ББПППС кафедрасының меңгерушісі

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.