Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Тынымсыз еңбек. Тамаша тәжірибе
13.11.2019 16:36

Үстіміздегі жылдың 13 қарашасы күні Оралдың «Өрлеуінің» ұйымдастыруымен мектеп кітапханашыларына арналған қысқа мерзімді курс аясында  С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені базасында «Кітапханашының кәсіби даму құралы – инновациялық жоба» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар мектеп музейін тамашалаудан басталды, музей тарихын таныстыру барысында 10-сынып оқушысы Гүлназ Әжмағамбет өлең өлкесінде өзіндік сарын мен із, өмір белесінде сара жол қалдырған Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл, осы бір киелі қара шаңырақтың құрылғанына 95 жыл, мектепке Сәкен атамыздың есімі берілгеніне 55 жыл толуы сынды атаулы даталарды үш тілде таныстырып өтті.

Семинарды ұйымдастыруға ұйытқы болған  тәжірибелі кітапханашы Аққойқын Елеуқызы «Дарынды мектеп оқушысы оқуға міндетті 100 кітап», «Буккроссинг», «Буктрейлер», «READx», «Кітап оқу терапиясы», «Кітап оқу жарысы», «Бір сынып – бір кітап» сияқты өз мектептерінде жүзеге асырылып жүрген жобаларымен тереңірек таныстырды. Соның ішінде «Кітап оқу жарысы» жобасында кітапты көп оқыған оқушылар бағалы сыйлықпен марапатталатындығы, бағалы сыйлықпен қатар оқушы-оқырмандар ынталандыру дипломдарын иеленетіндігі тыңдаушылардың көңілінен шықты.

«Кітапханашының кәсіби дамуы: ізденіс, инновация» атты коучингте тыңдаушылар өздеріне берілген топтық тапсырмаларды ынтымақтастықпен орындады. Келесі кезеңде «READx» жобасы шеңберінде мектеп оқушылары өздері оқыған кітаптарын жарнамалап, сүйсіне оқыған туындыларын  қатысушыларға насихаттады. Өнерлі өрендер Б.Майлиннің 125 жылдығына орай «Шұғаның белгісі» хикаяты бойынша шағын қойылым қойды. Семинар қорытындысындағы кері байланыста курс тыңдаушылары шараға оң баға берді.

Тынымсыз еңбек нәтижесіндегі тамаша тәжірибе алмасуға толы семинар-практикумға қатысуымызға мұрындық болған мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Замзагүл Төлегенқызына,  мектеп кітапханашылары Аққойқын Елеуқызы мен Дариға Сағидоллақызына №17 топ атынан алғысымызды білдіреміз. Келешекте де «оқитын орта» қалыптастырудағы еңбектеріңіз елене берсін деген тілегімізді жолдаймыз.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.