Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Кітапхана жұмысы. Инновациялық жоба.
14.11.2019 17:37

Ағымдағы жылдың 14 қарашасы күні Оралдың «Өрлеуінің» ұйымдастыруымен мектеп кітапханашыларына арналған қысқа мерзімді курс аясында Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында «Қазіргі мектеп кітапханаларының жұмыс әдістері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды  аға педагог-кітапханашы Г.Ө.Садыкова мен педагог-кітапханашы Ю.Е.Петрова ұйымдастырды.

Семинар «Қошемет сөздер» тренингімен басталды, бұл тренинг қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Гүлжан Өтепқалиқызы «Мектеп кітапханаларының заманауи әдістері» тақырыбындағы таныстырылымын сұрақ-жауап форматында ұйымдастырып, «сөйлеуші қабырғалар», «онлайн-кітапхана», т.б. заманауи әдістерді таныстырып, отандық және шетелдік электронды білім беру ресурстарына тоқталды. Сонымен қатар зияткерлік мектеп кітапханаларының “Memoro», «Book Start», «Readx», «Reading Time» сынды инновациялық жобалары мен олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды.

Юлия Евгеньевна «Мектеп кітапханасындағы ойындар мен активитилер» тақырыбында тамаша таныстырылым жасады, соның ішінде «Стих в твоем кармане», «Первые страницы/Короткие чтения», «Таймлайн» т.б. ойындар тыңдаушылар тарапынан қызығушылық тудырды.

Тәжірибелі мамандар теорияны практикамен де шебер ұштастыра білді, атап айтсақ, «Кітап әлемді бағындырады», «Халықаралық күн» айдарымен берілген топтық жұмыстар,  «Жүргізушіні тап» сергіту ойыны, маңыздылығы өте жоғары әртүрлі жобалар тыңдаушыларға керемет әсер қалдырды. Семинар туралы толық ақпаратты https://www.facebook.com/NIS-Uralsk-Library сілтемесінен көрулеріңізге болады.

Кәсіби қоржындарын толықтырып, теория мен тәжірибиенің үндестігі шебер ұштасқан семинар-практикумға қатысуымызға мұрындық болған мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Э.М.Айдыналиеваға, аға педагог-кітапханашы Г.Ө.Садыкова мен педагог-кітапханашы Ю.Е.Петроваға №17 топ атынан алғысымызды білдіре отырып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін таратудаға еңбектеріңіз жемісті болсын демекпіз.

 

Пікірлер 

 
0 #7 Арыкова М.О. 2019-11-19 15:19 Понравилась организация обучения, программа семинара насыщенная, все четко, ясно, доступно, наглядно. Огромное спасибо!!! Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Косимова Майра 2019-11-15 10:30 2019ж. 14 қарашасы күні мектеп кітапханашылары на арналған курс аясында Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашылары ұйымдастырған семинарға қатыстық. Семинарды педагог-кітапханашы Г.Ө.Садыкова мен педагог-кітапханашы Ю.Е.Петрова ұйымдастырды.Семинар барысында практикалық жұмыстар орындадық, іс- шараларды ұйымдастыру түрлерін үйрендік,кері байланыс бердік, "білім қоржынымызға" салғанымыз жетерлік болды. НЗМ кітапханашылары на көп рақмет айтамын. Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Балгазиева З.Т 2019-11-15 10:25 11мектеп кітапханашысы А.Елеуқызының семинары ұнады жаңаша бағытта жұмысын корсетті жаңа жобалармен таныстым.өзиме керемет әсер алдым. Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Балгазиева З.Т 2019-11-15 10:22 11мектеп кітапханашысы А.Елеуқызының семинары ұнады жаңаша бағытта жұмысын корсетті жаңа жобалармен таныстым.өзиме керемет әсер алдым. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Муканова Г.И 2019-11-15 10:12 НЗМ мектебінің кітапханасында алған тәжирибені жұмысыма қолданамын.Кітапханашыларғ а рахмет. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Жазыкбаева А.Т. 2019-11-15 10:12 Мектеп кітапханашылары Гульжан Өтепқалиқызы мен Юлия Евгеньевнаға алғыс білдіремін.Жаңартылған білім мазмұны бойынша көптеген әдістермен жұмыс көрсете білді.Оқырмандарды қандай тәсілдермен кітап оқуға баулу керек екенің білдім.Рахмет. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Абилгазиева Д.С. 2019-11-15 10:11 Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі семинар барысында кітапханада өткізілетін шараларға қажетті әдіс-тәсілдерді үйрендім. Болашақта осы әдіс-тәсілдерді өз тәжірибемде қолданамын. Назарбаев Зияткерлік мектеп ұжымына және мектеп кітапханашылары на алғыс білдіремін. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.