Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Курс табысты аяқталды
15.11.2019 12:28

2019 жылдың қараша айының 8 күні «Өрлеу»ҰБАО АҚ ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан және Атырау облысы бойынша жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын қамтыған (БҚМУ, БҚАТУ,АМУ) «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында жоғары оқу орындары профессорлы-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбындағы курс табысты аяқталды.

Тыңдаушыларға арналған курс алғашқы 2 апта онлайн түрінде ұйымдастырылды. Одан кейінгі 4 апта Нұр-Сұлтан қаласында бетпе-бет түрінде өтті.

Курстың мақсаты: Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерімен таныстыру болды. Тыңдаушылар курстың соңғы күні өз саласы бойынша латын қарпінде портфолио дайындап, қорғап шықты.

Сөз соңында тыңдаушылар курсты ұйымдастырушыларға, тренерлерге арнап жылы лебіздерін білдіріп, латыннегізді қазақ жазуының емле ережелеріне қатысты өзіндік ой-пікірлерін айтып, өз ұсыныстарын да ұсынды.

Курс эдвайзері Габбасова Б.Б.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.