Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Тәжірибелік семинар
16.11.2019 14:17

Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Оралдың «Өрлеуінің» ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары кітапханашыларына арналған «Мектеп кітапханашыларының кәсіби өсу аспектілері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Білім беру процесін педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы Қуанаева Рысханым Сағынбайқызының бастамасымен өткізілген тәжірибелік семинарға институттың кітапхана ісі бойынша бас маманы Бадақова Индира Маратқызы мен бірнеше жыл бойы кітапханашы қызметін атқарған тәжірибелі маман Нұрланбаева Айгүл Асхарқызы шақырылды.

Семинарға аудан, қала және облыстық мектептерден кітапханашылар қатысты. Мектеп кітапханашыларының кәсіби өсу жолдарын айқындау мақсатындағы семинар фасилитациялық сессия форматында өткізілді.

Семинар барысында мектеп кітапханашыларына  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» кітапханасының авторлық «Бірге оқимыз» жобасы таныстырылды. Аталмыш жобаның форматы мектеп кітапханасында ұжымдық, сыныптық оқу шараларын ұйымдастыруға таптырмас мүмкіндік. Семинар аясында «Бірге оқимыз» жобасының ықшамдалған формасы ұйымдастырылып, қатысушылар бір мезетте бірнеше қазақ қаламгерлерінің шығармаларымен танысты.

Сонымен қатар семинарда мектеп кітапханаларында қолданылатын  креативтік әдістердің түрлері таныстырылды. Мұндай әдістер мектеп кітапханаларындағы оқырмандармен жүргізілетін жұмысты жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кітапхана мамандары институттың www.zkoipk.kz сайтындағы кітапхананың арнайы бөліміндегі ресурстарымен таныстырып, сайттағы дереккөз материалдарын қолдана отырып, теорияны тәжірибемен ұштастырды. Тыңдаушылар осы тұрғыда  Google форма арқылы оқырмандарға арналған арнайы сауалнама сұрақтарына жауап беріп, ресурстармен жан-жақты жұмыстануға машықтанды.

Семинар қорытындысындағы кері байланыста тыңдаушылар тәжірибелік семинарға оң баға берді және қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.