Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Курс аясындағы көшпелі тәжірибелік сабақтар
21.11.2019 09:31

2019 жылдың 18 мен 22 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында музыкалық қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілеріне арналған біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылуда.

Курс аясында көшпелі тәжірибелік сабақтар қарастырылған.  Курстың оқу бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында, 20 қараша күні Орал қаласының №42 «Алтын сақа» бөбекжайында «Мектепке дейінгі балаларға арналған қазіргі заманғы музыкалық шараларды ұйымдастырудың түрлері. Музыкалық қызметкердің ата-аналармен өзара әрекет жасау формалары.» тақырыптарында мектепке дейінгі ұйымдардың музыкалық қызметкерлеріне арналған көшпелі тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.

КТС бағдарламасына сай бөбекжай директорының м.а. К.К.Бишаева тыңдаушыларға бөбекжай тынысы туралы шолу жасап,  семинар бағдарламасымен таныстырды. Бөбекжайдың музыка жетекшілері Д.Е.Хайрушева, Ж.Ермекқызы «Сазды сәлем жолдаймыз!» атты бөбекжайдан  музыкалық  сәлемдеме жолдады. Педагог – психолог Т.М.Қыдырғали «Музыкалық аспаптар» атты тренингін өткізді. Бөбекжайдың музыка жетекшісі  Д.Е.Хайрушева «Музыка әлеміндегі оқиға» мектепке дейінгі балаларға арналған қазіргі заманғы музыкалық шараларды ұйымдастырудың түрлерінен ашық оқу қызметін көрсетті.

Сонымен бірге бөбекжайдың музыка жетекшісі  Ж.Ермекқызы «Музыкалық қызметкердің ата-аналармен өзара әрекет жасау формалары» тақырыбында  курс тыңдаушыларына ата-аналармен өткізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, өткізді. Тәрбиеші К.К.Умралиева «Музыка сабағындағы денсаулық сақтау технологиясы» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті.

КТС қорытынды бөлімінде тыңдаушылар «Біздің қоржын» атты  көрмені тамашалап, өз ойларымен бөлісті.

Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті. Көшпелі тәжірибелі сабақтар жоғары деңгейде өтті, №42 «Алтын сақа» бөбекжайы директорының м.а. К.К.Бишаеваға, және ұжымға институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.