Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Курстық іс-шаралар өткізілді
03.12.2019 03:27

Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының оқытушылары мектептердің өтініштері негізінде «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбы бойынша жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған курстық іс-шаралар өткізді.

Кафедраның аға оқытушылары К.Ш.Шамуратова және Б.Б.Габбасова Казталов ауданының Казталовка МЛ базасында, К.И.Байкатова, Ж.Т.Узахова, Р.С.Куанаева қалалық мектептердің базасында көшпелі курстар өткізді. Курс тыңдаушылары инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттармен, инновациялық әдістермен және ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу тәсілдерімен, жеке білім беру бағыты мен ЕББҚ бар балаларға арналған жеке білім беру бағдарламасын құру талаптарымен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар С.К.Сексенбаева музыка мектептері мен өнер мектептерінің оқытушылары үшін олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша курс өткізді.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.