Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Облыстық семинарға қатысты
20.11.2019 15:36

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі А.Хайруллина 2019 жылдың 20 қараша күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен «Оқушылардың экологиялық сауаттылығын қалыптастыру үшін заманауи педагогикалық технологияларды енгізу» тақырыбында өткен облыстық семинарға қатысты.

Семинарға қатысушылар балаларға қосымша білім беруде экологиялық-биологиялық бағыттағы заманауи педагогикалық технологияларды енгізу туралы ой бөлісуде тақырыптарына сәйкес материалдарын ұсынып, көптеген өзекті мәселелерді шешуде өз пікірлерін ашық білдірді. Соның ішінде экологиялық-биологиялық тәрбие туралы педагогтің кәсіби шеберлігін дамытудағы жаңа көзқарастар мен идеялар, оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолдары туралы кеңінен айтылып, талқыланды. Семинар бағдарламасына сәйкес А.Хайруллина «Қазіргі педагогикалық технологиялардың дидактикалық негізі» тақырыбында баяндама ұсынып, пікір алмасты.

Институт ұжымы атынан облыстық экологиялық-биологиялық орталығындағы әріптестерімізге алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да ынтымақтастық қарым-қатынаста боламыз деп сенеміз.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.