Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Жазушымен өткен әсерлі кездесу
23.12.2019 17:49

Фотогалерея

23 желтоқсан күні Оралдағы «Өрлеу» институтында ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі, «Тіл жанашыры» төсбелгісінің иегері,  "Көкбөрі", "Он төрт", "Тұлпар", "Қыран қанатындағы күй", "Абадан" кітаптарының авторы, тележурналист Мұнайдар Балмолдамен кездесу өтті.

Ұжым мүшелері автордың сиясы кеппеген "Абадан" романын оқып, кездесу барысында шығарма желісі бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты. Институт директорының орынбасары Е.Н.Сафуллиннің бастамасымен жүзеге асқан шарадан «Өрлеу» ұжымы рухани азық алды, шығармашыл тұлғамен емен-жарқын жүздесті. Шара барысында Е.Н.Сафуллин тың туындының оқырман қауымға жол тартуымен құттықтады. "Абаданды" оқып қана қоймай, романның желісін толық зерттеп, презентация көмегімен ширатып айтқан Е.Н.Сафуллин институт ұжымының кітап оқуға деген қызығушылығын оятты. "Абаданға" ақ жол тілеп, біз де оқуға кірісіп кеттік!

 

АБАДАН

Анталап төніп қабаған,

Алса да дұшпан жағадан.

Азуы алты қарыс зау,

Ықпайды Арлан Абадан!

 

Ұлыса көкке қараған,

Тәңірден қуат қалаған.

Арыстаннан да айбатты,

Қайратты Көк Жал Абадан!

 

Алдаспан Арға санаған,

Наркескен Нажға балаған.

Жолбарыстан да жойқын тым,

Күжірей жонды Абадан!

 

Қорқау иттерден қамаған,

Жабылып беріп талаған.

Рухың басым, Бас Бөрім,

Көк Байрақ түскен Абадан!

 

Күш алған ұлы даладан,

Ата тегім бар тараған.

Жон арқамдағы көк мөрің,

Көк Бөрім, сенен Абадан!

 

Сен жайлы жазсам, Хаһ Аллам,

Жар болар, алтын тәж арман.

Басыма қонар бақыт құс,

Кітабым сенсің ~ Абадан!

 

Жорыққа шайқас жараған,

Жеңіске жеңіс жамаған.

Сен жайлы жаздым мың өлең,

Бір кітап және Абадан!

 

Аман бол, күлкі, табадан,

Маңдай тер, еңбек ақ адал.

Саған ақ жол тілеймін,

Жорыққа шыққан Абадан!

 

Мұнайдар Балмолда

09.09. 2019

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.