Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру
05.02.2020 09:44

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» базасында «ЕББҚ бар оқушыларды оқытудың жеке-дара амалдарын ұйымдастырудың психологиялық негіздері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарда ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыстанатын дефектолог, логопед, психолог және әлеуметтік педагог категориялары бойынша 65 маман қатысты. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыру бағыты бойынша тәжірибелік сабақ өткізіп, жылдар бойы жианақталған іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы білім беруді дамыту орталығының арнайы және инклюзивті білім беру әдіскері Шынар Бауетдинова шақырылды.

Семинар барысында Батыс Қазақстан облысында инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестердің қорытындысы бойынша түзету және дамыту бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру жөнінде ақпарат беріліп,  орта мектептерде инклюзивті білім беру мәселелері бойынша диалог ұйымдастырылды.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.