Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Тəжірибе алмасу
06.02.2020 12:06

Ағымдағы жылдың 6-7 ақпан  аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» базасында білім беру ұйымдарының дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагогтеріне арналған «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбындағы курстар аясында озық педагогикалық тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сыныптар  ұйымдастырылды. Курстарға 66 тыңдаушы қатысты.

Орал қаласының №16 ЖОББМ дефектологі Альбина Амангельдиевна Искакова ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ұйымдастыру;  жеке даму бағдарламаны құрастыру мен жүзеге асыру және диагностика түрлері бойынша құжаттарымен таныстырып, тәжірибесімен бөлісті. №22 ЖОББМ психологі Алмагуль Тлеугабыловна Шенесарина өз шеберлік сыныбында инклюзивті білім беру жағдайында психологтің маңызды рөлін ашып,  психологтердің түзету жұмыстарында инновациялық әдіс-тәсілдерімен бөлісті.   №3 ЖОББМ логопеді Наталья Владимировна Панова ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларға арналған инновациялық және денсаулық сақтау әдістерімен таныстырды. Атап айтсақ, қасықтар арқылы жасалынатын логопедиялық массаж, артикуляциялық және саусақ гимнастикасы, Марблс тастарын қолданумен жасалынатын даму ойындары, арт-терапия, су-джок терапиясы, ертегі және құм терапиясы. №1 ЖОББМ логопеді Жанар Амангельдиевна Кусанова логопедтердің сабақтарында түзету және дамыту бағыттары бойынша сұрақтар қарастырып, дыбысты дұрыс айтудың әдістері мен тәсілдерін көрсетті. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен сабақ өткізуге арналған әдістемелік ұсыныстарымен бөлісті.

Курс тыңдаушылары қызықты тәжірибе мен ұсынылған дидактикалық материалмен бөліскені үшін шеберлік сыныптар өткізген педагогтерге алғыстарын білдірді.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.