Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Инклюзивті білім беру басты назарда
07.02.2020 13:54

2020 жылдың 7 ақпаны күні Байтерек ауданы Дариян ЖББОМ гимназия-интернатының басшылығының сұранысымен өткізілген «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды.

Курсқа мектептің 25 педагогы қатысып, инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттармен, инновациялық әдістермен және ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу тәсілдерімен, жеке білім беру бағыты мен ЕББҚ бар балаларға арналған жеке білім беру бағдарламасын құру талаптарымен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау ерекшеліктерімен танысты.

Курс білім алушылардың ерекше оқыту қажеттіліктері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беруге тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін арнайы жағдайды ұйымдастыру мен құру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатын көздеді. Курс аясында пән мұғалімдерін кәсіби қолдау мақсатында білім беру бағдарламалары бойынша мектеп мұғалімдеріне әдістемелік кеңестер берілді.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.