Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Мәртебелі мамандық майталманы
13.02.2020 15:24

Ағымдағы жылдың 13 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-гимназиясының жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Гүлзихан Үмбетқызы Таскаринамен «Мәртебелі мамандық майталманы» атты кездесу кеші болып өтті.

Кездесуге Орал қалалық білім беру бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері, әдістемелік кабинет меңгерушісі м.а. Жеңісгүл Мырзабекқызы Нәрікова, Х.Доспанова атындағы №30 ЖББОМ директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Жазира Наурызбайқызы Ишанғалиева және «Өрлеу» ұжымы қатысты.

Кездесу шымылдығы Гүлзихан Үмбетқызының ұстаздық жолы туралы шағын бейнебаянмен ашылды.

Институт директоры Софья Салахиденқызы Измуханбетова 35 жылдан бері білім саласында жемісті  еңбек етіп жүрген Гүлзихан Үмбетқызы мен қонақтарға қош келдің айтып, сұхбат тізгінін қолға алды.

Сұхбат барысында оқыту  мен  тәрбиелеуде  шығармашылықпен  жұмыс жасап  келе  жатқан  Гүлзихан Үмбетқызының  ұстаздық мамандықты таңдау себептері, педагогикалық ұстанымы, талантты шәкірттері туралы ой өрбіді. Осы жылы қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заңына өзіндік көзқарасын білдіріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алған кездегі әсері туралы әңгімелеп берді.

Шара барысында ұзақ жылдар бойы Гүлзихан Үмбетқызымен үзеңгілес қызмет жасап келе жатырған Жеңісгүл Мырзабекқызы мен Жазира Наурызбайқызы кеш кейіпкерінің ұстаздық шеберлігін, өзгеге ұқсамайтын тұлғалық қырын тілге тиек етті.

Әсерлі кездесудің «Әдеби салон» бөлімінде кеш кейіпкерінің ақындық, жыраулық қасиеті туралы сөз қозғалып, өз шығармашылығынан өлең оқып, жанына жақын әсем әнді әуелете шырқап берді. Кеш қонақтары қонақкәде ретінде Абайдың 175 жылдығына орай ақын өлеңдерінен үзінділер оқыды.

Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін, білім әлемінің сырын білетін, өзінің алдынан өтіп жатқан шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иесі Гүлзихан Үмбетқызымен болған кездесуден қатысушылар рухани азық алып, үлкен әсермен тарқасты.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.