Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Іс-тәжірибемен бөлісті
05.03.2020 14:41

2020 жылдың 5 наурызы күні Теректі ауданында өтіп жатқан «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аясында Теректі  ауданы  Подстепный ЖББОМ психологі Рита Сакипкалиева «ЕББҚ бар оқушыларды оқытудың жеке-дара амалдарын ұйымдастырудың психологиялық негіздері» тақырыбында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыру бағыттары бойынша тәжірибелік сабақ өткізіп, жинақталған іс-тәжірибесімен бөлісті.

Педагогтің әр жүргізген жұмысы  ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушылардың танымдық сферасының жетілуіне кешенді көмегін тигізуі қажеттігі туралы сөз қозғап, бұл жұмыстар арқылы оқушыны үйренуге, білуге деген қызығушылығын жетілдіруге қалай қол жеткізуге болатындығына тоқтала келе «Сылдырмақтар», «Сиқырлы түстер», «Сиқырлы саусақтар», «Көбіктер» сияқты жаттығу терапияларын көрсетті.

Іс-тәжірибемен бөлісу барысында инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестердің қорытындысы бойынша түзету және дамыту бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру жөнінде ақпарат беріліп,  жалпы білім беретін орта мектептерде инклюзивті білім беру мәселелері бойынша диалог ұйымдастырылды.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.