Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар оздырылды
13.03.2020 13:22

Үстіміздегі жылдың 29 ақпаны мен 7 наурыз күндері «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» базасында  бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында саралап оқытудың тиімділігі» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарға Бөрлі, Жаңақала, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласы мектептерінен 103 педагог қатысты.

Семинар мақсаты: жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Семинар фасилитациялық сессия формасында өтті. Сессия барысында «Әлемдік кафе» әдісі қолданылды.

Семинар барысында саралап оқытуды қолданудың өзектілігі мен мүмкіндіктері қарастырылды; жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқу процесін ұйымдастыруда саралап оқытудың тиімді жолдары анықталды. Семинар қатысушылары саралаудың тапсырма, нәтиже, қарқын, диалог және қолдау көрсету, ресурстар, топтау және бағалау түрлері бойынша берілген материалдарды зерделеп, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес саралап оқытудың мүмкіндіктері жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар қатысушылар саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін жоспарлауды, практикалық жұмыс барысында саралау тапсырмаларын модельдеп, сындарлы кері байланыс ұсынды. Семинар нәтижесінде қатысушылар сабақты жоспарлауда саралау əдістерінің тиімділігін анықтады, мысалдар келтіріп, меңгерген біліктіліктерімен, тәжірибелерімен бөлісті. Семинарды Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының тренерлері Б.Габбасова, К.Байкатова, Д.Жумагалиева, Ж.Узахова өткізді.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.