Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Хабарландыру
27.03.2020 09:22

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ҚР БжҒМ тапсырмасына сай «Орта мектеп педагогтеріне арналған пәндер бойынша төртінші тоқсандағы бейне-сабақтардың  Республикалық конкурсы» өтетінін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты – қашықтықтан оқыту мүмкіндігін кеңейту үшін  заманауи білім технологияларын пайдалана отырып, орта білім пәндері бойынша үздік бейне-сабақтарды іріктеу.

Конкурсқа орта білім берудің барлық пәндері бағдарламалары бойынша (қазақ және орыс тілдерінде) бейне-сабақтар қатыса алады.

Конкурс 2 кезеңде өткізіледі

Бірінші  кезең 2020 жылдың 20-30 наурызы аралығында өтеді. Конкурсқа қатысу өтінімдері қабылданып, ұсынылған бейнематериалдар «өңірлік қоржынға» жинақталады. Сараптама кеңесі критерийлерге сәйкес конкурс жұмыстарын бағалап, Республикалық кезеңге қатысу үшін  әрбір пән бойынша үш үздік жұмысты ұсынады.

Екінші кезең 2020 жылдың 6 сәуірі мен 15 мамыры аралығында өтеді.

Республикалық кезеңде өңірлік Сараптама кеңестерінің критерийлерге сәйкес дауыс беруі нәтижесінде үздік жұмыстар іріктеледі.

Өңірлік және республикалық кезеңдер конкурсына қатысқан барлық педагогтер қатысушы сертификаттарымен, жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Конкурс қорытындылары «Өрлеу» БАҰО» АҚ сайтында орналастырылады.

Конкурс бойынша сұрақтарыңыз болса, 87056721602, 87763700835 нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.