Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Вебинар болып өтті
15.06.2020 17:34

15 маусым күні Орал-Өрлеу институтының ББП ППС кафедрасының аға оқытушыларының ұйымдастырумен «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушы білімін бақылау мен тексеру үшін BilimLand.kz платформасын, Padlet, Classtime қосымшаларын қолдану жолдары» тақырыбындағы вебинар болып өтті.

Вебинар мақсаты: Білімді бақылау және тексеру үшін BilimLand.kz платформасының, Padlet, Classtime қосымшаларының мүмкіндіктерімен таныстыру. Осы мақсатта өткен вебинарға қала мен облыстан 30-дан аса мұғалімдер қатысты.

Осы кафедраның аға оқытушысы  Шынар Зулкашева «Қашықтықтан оқыту бойынша сабақты жоспарлау, тақырыпты өз бетінше меңгеруді ұйымдастыру, тапсырмаларды орындау және оны тексеру үшін BilimLand.kz платформасы мүмкіндіктері» тақырыбында ой қозғап, іс-тәжірибесімен бөлісті. Вебинарда қашықтықтан оқыту сабағының құрылымы, ұйымдастыру жолдары мен тәсілдерін зерделеу, тапсырма дайындау, қашықтан оқытудың ерекшелігі мен оқушылардың мүмкіндігін ескеру, контент дайындау,  қашықтық сабағын дайындаудың алгоритмі жөнінде қадам-қадамдарға бөліп, толық ақпарат берді.  Сондай-ақ қашықтан оқыту кезінде Online Mektep функциялары, BilimLand.kz сайтындағы Online Mektep платформасын пайдалану жайында айтылды.

Әріптесінің сөзін жалғаған Гүлмаржан Өтеғұл «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушы білімін бақылау мен тексеру үшін BilimLand.kz платформасын, Padlet, Classtime қосымшаларын қолдану жолдары» тақырыбына тоқталды. Аға оқытушы  Padlet, Classtime платформасын пайдаланудың жолдары мен мүмкіндіктері,  оны тиімді қолдану, оқушыларға қолжетімді болуының жолдары жөнінде ақпаратпен бөлісіп, қатысушыларға интернет мүмкіндігі әлсіз болса да,  жоғарыда аталған платформа арқылы жұмыстануға болатынын айтып өтті.

Вебинар соңында аталған кафедраның аға оқытушысы Рысханым Қуанаева қатысушылармен кері байланыс орнатты.  Өзекті тақырыпты арқау еткен вебинарға қатысушылар «Өрлеулік» аға оқытушыларға алғыстарын білдірді.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.