Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Вебинар болып өтті
21.06.2020 11:51

20 маусым күні Орал «Өрлеу» институтында «Қашықтықтан оқытуға арналған бейнесабақтарды дайындаудың ерекшеліктері» тақырыбында вебинар болып өтті.

Вебинар мақсаты: Қашықтықтан оқытуда қазақ тілі мен әдебиеті және алгебра пәндерінен 9, 10, 11-сыныптарға арналған бейнесабақтарды дайындау сценарийі мен техникалық талаптары бойынша ұсыныстар беру.

Вебинарға институт директоры Софья Измуханбетова, директордың орынбасары Елдос Сафуллин және аға оқытушылар мен  ІТ-мамандары қатысты.

БҚО қазақ тілі мен әдебиеті, алгебра пәндері мұғалімдерінен құрылған шығармашылық топтың қатысуымен өткен іс-шарада Елдос Набиоллаұлы шығармашылық топтың жұмысы туралы тоқталып, «Өрлеу» БАҰО» АҚ дайындаған бейнесабақтарды қатысушыларға алдын ала көруді ұсынды.

Вебинарда аға оқытушылар қазақ тілі мен әдебиеті, алгебра пәндерінен дайындалатын бейнесабақтардың мазмұны туралы әдістемелік ұсыныстар мен Power Point бағдарламасымен бейнесабақтардың дайындалу жолдары туралы іс -тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.

Вебинар соңында қатысушылармен кері байланыс орнатылды.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.