Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика

Озық педагогикалық тәжірибе
Алғыр ойлы азамат

Қабдешов Досымғали Қабдешұлы - «Сәулет» жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының  жоғары санатты  математика және информатика пәнінің мұғалімі. Ол 1949 жылы 16 желтоқсанда  қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданы  Азғыр селолық округінің Асан ауылында  дүниеге келген. Алғаш рет  осы  Асан бастауыш мектебіне 1958 жылы 1-сыныпқа барған. 5-8 сыныптарды  Азғыр сегізжылдық  мектебінде интернатта жатып оқыған.

 
Опытный педагог и аналитик

С героиней этого очерка я не была раньше знакома, но знала ее, как постоянную ведущую ежемесячной передачи «Точка зрения» на областном телевидении с 1995-2005гг, где обсуждались различные общественно- политические темы. Мухлисова Захот Кошкенбаевна поразила меня своей эрудицией, грамотной речью, умением убеждать участников встречи и зрителя.

 
Шыңдалу жолында

Орал қаласының №27 физика-математика мектеп-лицейінің директоры Серік Нәженұлы Сафиуллин физика-математика білімі саласында тынбай еңбектеніп, сол жолда ауыр жүкті арқалап, алыс жолға шыдас беретін қазанаттай қадірлі азаматтардың бірі. Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылында 1960 жылы қоңыр күзде дүниеге келген Серік Нәженұлы кішкене кезінен атасы мен әжесінің бауырында болып, баладай кіршіксіз адалдыққа, төзімділікке, еңбекқорлыққа тәрбиеленіп, намысшыл болып өсті.

 
Бір үзік сыр

«Жақсының жақсылығын айт - нұры тасысын!» - деген халқымызда ұлағатты сөз бар. Мен әңгіме еткелі отырған «Үміт» лингвистикалық гимназиясының директоры  Дариға Ғазезқызы осы ұлағатты сөзге лайық адам.

 
Шыңға біткен шынардай

Біз жоғары кластардың бірінде оқып жүргенімізде, сонау 70-ші жылдары, Аңқаты орта мектебіне ерекше сұлу мұғалім жұмысқа келді. Аппақ, мәрмәрдан қашағандай, тіп-тік, келісті дене бітімі де, киім киісі, шаш сәндеуі де бөлек бұл әсем жан құдды бір шетелдік фильмдердегі актрисалардай әсер қалдырды. Әсіресе бойжетіп келе жатқан қыздар жағы жаңа мұғалимаға қарап, оның ерекше жарасымды қысқа костюмдарына, еліктің лағындай әдемі түрі мен жүріс-тұрысына таңдайымызды қағып, қызықтап жүрдік.

 
Тегеурінді де текті ару

Баян Мектепқызы туралы аз-кем ойланған адамның санасына «тегеурінді де текті ару» деген ұғым бірден ұялап, осы бір өзгеше жаратылыс иесіне арналған құрмет сезімі мен оның ешкімге ұқсамайтын бейнесіне деген құштарлыққа толы сауалдар алға қарай, осы кісінің өзіне қарай жетелері сөзсіз.
Мен де Баян Мектепқызының жас, психология пәні мұғалімі кезінде, Орал педущилищесіне алғаш қызметке келген, комсомол ұйымы хатшысы – жастар жетекшісі ретіндегі белсенді қызметінің куәгері ретінде ұзақ жылдар бойы оның образына қызыға қарайтынмын.

 
«Артықшылығымыз – қабілетті баламен жұмыс істеу»

-    Нәсіпқали Дәулетұлы, Сізді елімізге әйгілі әдебиетші ғалым Серікқали Шарабасов ағамыз бір сұхбатында «еңбекторысы» деп сипаттаған. Жылқыға тән осы бір атауды ол кісі Сізбен кәнігі сырлас, көптен білетіндіктен арнаса керек. Дегенмен, қалың оқырман, газетіміздің оқырмандарының Сіз туралы білетіні тіпті аз ғой деп ойлаймын. Сіздерге шәкірт адам ретінде біздің де білмегіміз көп еді, соның біріншісі – туып-өскен жеріңіз, оның сіз үшін маңызы туралы болмақшы...

 
Шоқан, Бейімбет, Сәкен ағалар жолымды ашқандай...»

«Менің педагогтық еңбек жолым Шоқан мектебінен басталып, Бейімбет мектебіне ұласты. Бұлар кезінде ашылып, кейін жабылған Торғай облысында болатұғын. Зейнет жасынан өтсем де, әлі күнге дейін ұлы адамның бірі Сәкен Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат директоры болып еңбек етіп жүрмін.

 
Жайықтың Ақ Баяны

Иә, әр адамның тағдыры әр басқа. Әркімнің бұл өмірден алар өз сыйы бар. Сол сыйды – білімнің нұрынан, нәрінен ала білген Баян Ғаббасқызы 1966 жылы Казталова аудандық орта мектепті бітіргеннен соң сонау Алматының бөктеріне қарай қанатын қағады. Жүрегінде -ұстаз болсам, туып-өскен еліме, мәпелеген ата-анама үлкен азамат болып оралсам деген үмітке толы қиял. Үмітке толы бір ән.

 
Болашақтың кілті білімдінің қолында

Адамзат күш жарыстырып емес, ақыл жарыстырып алға басатын мына заманда ұстаздың қаншалықты деңгейде білімді де білікті, талапшыл да парасатты болуы керектігі өздігінен белгілі. Осындайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Ақыл табылмай, ештеңе табылмайды. Ой жетілмей тұрып, ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат өзгелердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін көгерте алмайды.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 Келесі > Соңғы >>