Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Ұсыныстар

Орысша - Русский

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілген «Біліктілікті арттыру жүйесіндегі Smart-технологиялар: халықаралық тәжірибе және отандық практика» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның

ҰСЫНЫСТАРЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ жеделдетілген жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 16 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Біліктілікті арттыру жүйесіндегі Smart-технологиялар: халықаралық тәжірибе және отандық практика» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты: педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінің әлеуетін пайдалана отырып, Қазақстанда смарт қоғамды қалыптастыру үдерісін дамыту.

Конференцияның міндеттері:

- смарт білім берудің отандық және халықаралық тәжірибесімен алмасу;

- педагогтердің смарт техникаларды оқыту мен оқуда қолдану сауаттылығын арттыру;

- контент және желілік қоғамдастық негізінде педагогтердің кәсіби қарым-қатынастарын ұйымдастыру.

Конференция жұмысына Финляндия, Германия, Корея республикасы, Ұлыбритания, Aустралия, Ресей Федерациясы, Канада, АҚШ, Оңтүстік Африка республикасы, Түркия елдерінің педагог-ғалымдары мен Қазақстанның барлық облыс педагогтері белсенді қатысты.

Конференция барысында қазақстандық білім берудің мазмұны, әдістемесі мен сапасы, цифрлық білім беру контентін жасақтап пайдаланудағы халықаралық және отандық тәжірибенің негіздері, смарт техниканы белсенді қолдануға бағытталған білім беру мен оқыту әдістемесі, инклюзивті білім беруде және ауыл мектебі жағдайында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану жолдары қарастырылды.

Секция отырыстарында оқу үдерісінде смарт техникаларды кеңінен қолдану мәселелері бойынша педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және инновациялық технологияларды қолдануда шетелдік тәжірибені зерттеу мәселелері мен білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін онлайн курстары арқылы арттыру перспективалары талқыланды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, конференция ұсынынады:

Жергілікті басқару органдарына, облыстық (қалалық) білім басқармаларына:

1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның бір мақсаты – оқушыларды қашықтықтан оқыту жолдарын қарастырады. Сондықтанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ПОҚ дайындаған онлайн курстарға білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің жұмыс орнындағы лауазымдық міндеттерінен қол үзбей қатысуына жағдай жасап, жоғары ақпараттық, техникалық сауаттылықты талап ету қажет.

2. Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарын жаңа ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету мақсатында смартфон, планшет, смарт теледидар тәрізді құралдардан тұратын смарткластармен жабдықтау мүмкіндігін қарастыру.

Білім беру ісі және әдістемелік қамсыздандыру бөліміне, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарына:

1) 2016 жылдан бастап біліктілікті арттыру жүйесіне on-line курстар, қашықтықтан оқу арқылы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын жасақтау және ұйымдастыру.

2) Білім беру бағытындағы Google сервистерінің негізгі элементтерін педагогтердің біліктіліктерін арттыру курстарында белсенді түрде оқыту жолдарын қарастыру.

3) Әр филиалда ПОҚ және бөлім қызметкерлерінің компьютерде орындайтын жоспарлы және күнделікті іс-әрекеттерін қолдайтын ақпараттық жүйе қалыптастыру.

4) Филиалдардың материалдық базаларын смарт құрылғылармен толықтырудың әр жыл сайынғы қаржылау жоспарларын басты назарда ұстау.

5) Смарт оқытуға бағытталған отандық сапалы контенттерді жасау жұмыстарын жандандыру (smart.orleu-edu.kz сайтын белсенді қолдану) және озық педагогтердің осы бағыттағы іс-тәжірибелерін өңірлерде, республика көлемінде тарату.

6) Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесіне смарт білім беруді ендіру бойынша филиал оқытушыларының практикалық тәжірибесін жинақтау және халықаралық тәжірибені зерттеу.

Мектепке дейінгі, орта, арнаулы орта, жоғарғы оқу орындарына:

1) «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ПОҚ дайындаған онлайн курстарға білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің жұмыс орнындағы лауазымдық міндеттерінен қол үзбей қатысуына жағдай жасау.

2) Смарт оқытудың басты элементі – бейнесабақтарды flipped classroom, табиғи ауа-райы салдарынан болатын сабақтың өткізілмейтін уақыттарында, мүмкіндігі шектелген білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейту, жалпы білім алушыларға әлемнің кез-келген нүктесінен өзіне қолайлы уақытта үздіксіз білім алуына жағдай жасау бағыттарына тиімді қолдану үдерісін жолға қою үшін интернет көздеріндегі дайын, сапалы контенттерді сұрыптайтын мамандармен жұмыс жүргізу.

Педагогикалық қызметкерлерге:

1) Жеке басының кәсіби және шығармашылық бағытта үздіксіз жетілу жолдарын қарастыру.

2) Оқыту үдерісіне смарт құрылғыларды белсенді пайдалану практикасын енгізу.

3) «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ профессорлық-оқытушылық құрамы дайындаған онлайн курстарға жұмыс орнындағы лауазымдық міндеттерінен қол үзбей қатысу арқылы кәсіби біліктілігін арттыру.

4) zkoipk.kz сайтындағы курстық және курсаралық біліктілікті арттыру шараларына интернет көмегімен белсенді қатысу арқылы кәсіби өсуін жолға қою.

 

 

Рекомендации

по итогам республиканской научно-практической конференции «Smart-технологии в системе повышения квалификации: международный опыт и отечественная практика» в рамках празднования

25-летия  Независимости Республики Казахстан

16  мая 2016 года в соответствии с операционным планом АО «НЦПК «Өрлеу»  филиал АО «НЦПК «Өрлеу» Институт повышения квалификации педагогических работников по Западно-Казахстанской области провёл республиканскую научно-практическую конференцию на тему «Smart-технологии в системе повышения квалификации: международный опыт и отечественная практика» в рамках празднования 25-летия  Независимости Республики Казахстан.

Цель конференции: развитие процесса формирования смарт общества  в Казахстане на основе использования  потенциала  системы  повышения квалификации педагогических работников.

Задачи конференции:

- обмен отечественным и зарубежным опытом по смарт образованию;

- повышение грамотности педагогов по использованию смарт техники в обучении;

- организация профессионального общения посредством контента и сетевого сообщества.

В работе конференции приняли участие педагоги, учёные из Финляндии, Германии, Республики Корея, Великобритании, Австралии, Российской Федерации, Канады, США, Южно-Африканской республики, Турции, а также изо всех регионов Казахстана.

В ходе конференции были рассмотрены и определены пути решения проблем содержания и качества казахстанского образования, методики обучения,  ориентированного на активное использование смарт техники, создания и использования цифрового образовательного контента, эффективного применения информационных технологий в инклюзивном обучении и в условиях сельской школы, также представлен зарубежный опыт использования смарт техники в системе повышения квалификации педагогических работников, обобщен отечественный практический опыт.

На секционных заседаниях обсуждались вопросы обучения педагогов широкому применению смарт техники в учебной деятельности и изучению зарубежного опыта в применении инновационных технологий, а также перспективные пути повышения квалификации педагогических работников образования на онлайн курсах.

На основании вышеизложенного, конференция рекомендует:

Местным исполнительным органам, областным (городским) управлениям образования:

1.Одна из задач Государственной программы развития образования и науки Республики Казахстан на 2016-2019 годы – дистанционное обучение учащихся, в связи с этим необходимо создать условия для повышения квалификации работников системы образования без отрыва от выполнения должностных обязанностей по месту работы на онлайн курсах, разработанных ППС филиала АО «НЦПК «Өрлеу» Института повышения квалификации педагогических работников по Западно-Казахстанской области, что повысит информационно-техническую грамотность педагогических кадров.

2. С целью обеспечения организаций образования всех уровней новым информационно-коммуникационным оборудованием рассмотреть вопрос о возможности оснащения школ смарт классами, включающими смартфоны, планшеты, смарт телевизоры.

Департаменту по учебной работе и методическому обеспечению, филиалам АО « НЦПК «Өрлеу»:

1.  В 2016 году  разработать и  внедрить в систему повышения квалификации  педагогических работников online курсы, дистанционное обучение.

2.   Рассмотреть способы активного обучения основным элементам Googlе сервисов  в образовании на курсах повышения квалификации.

3.  В каждом филиале формировать информационную систему, поддерживающую ежедневную и запланированную компьютерную деятельность ППС и работников отделов.

4.  Уделять основное внимание ежегодному планированию денежных средств на пополнение материальной базы филиалов смарт оборудованием.

5.   Обновить работу по разработке качественных отечественных контентов, ориентированных на смарт обучение (активно использовать сайт smart.orleu-edu.kz).

6.  Обобщить практический опыт преподавателей филиалов и изучать международный опыт по внедрению смарт образования в систему повышения квалификации педагогических работников.

Организаторам дошкольного, среднего, средне-специального, высшего образования:

1. Создать условия для повышения квалификации работников системы образования без отрыва от выполнения должностных обязанностей по месту работы на онлайн курсах, разработанных ППС филиала АО «НЦПК «Өрлеу» Института повышения квалификации педагогических работников по Западно-Казахстанской области.

2. Проведение работы со специалистами по выборке качественного контента, имеющегося в Интернете, для эффективной организации учебного процесса, направленного на гибкое обучение в интерактивной образовательной среде, находящегося в свободном доступе,  обеспечивающего широкий доступ к знаниям,  к главному элементу смарт обучения – видео-урокам в формате flipped classroom, способствующему расширению возможностей обучения детей с ограниченными возможностями, проведению уроков во время неблагоприятных погодных условий.

Педагогическим работникам:

1. Расширить способы индивидуального непрерывного профессионального и творческого развития.

2. Внедрить в учебный процесс практику активного использования смарт оборудования.

3. Повышать квалификацию без отрыва от выполнения должностных обязанностей по месту работы на онлайн курсах, разработанных профессорско-преподавательским составом филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПКПР ЗКО.

4. Повышать профессиональную компетентность через обучение посредством Интернета на курсовых и межкурсовых мероприятиях повышения квалификации, предложенных на сайте zkoipk.kz