Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Ғылыми-әдістемелік «Ұстаз» журналы

Бүгінде ұстаздардың жанашыр басылымына айналып үлгірген ғылыми-әдістемелік «Ұстаз» журналы 09.03.1998 жылдан бастау алған. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 12.06.2013 жылы қайта тіркеліп,  №13690-Ж куәлігі берілді. Құрылтайшысы «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты».  Журналдың индексі – 75524, таралымы 700 дана. Журнал «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына, ҚР Ұлттық кітапханасына, ҚР Парламентінің кітапханасы, уәкілетті орган ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетіне, облыстық ішкі саясат департаментіне жеткізіліп тұрады. Батыс Қазақстанның ЖОО, колледждер мен кәсіптік білім беру ұйымдары, қала, аудан, ауыл мектептері журналды жаздырып алдырады. Журналда білім беру саласында басшылыққа алынатын ресми материалдар, ережелер, институт жаңалықтары, жаңашыл ұстаздар туралы мақалалар жарияланады. Журналдың 30 тұрақты, 12 ауыспалы рубрикасы бар. 2013 жылдан бастап журналға «Өрлеу жаршысы» қосымшасы енгізілді. Қосымшада институт жаңалықтары, көп жылдардан бері институтта қызмет етіп жүрген ұлағатты ұстаздар туралы және фоторепортаждар жарияланып келеді. Журналдан ЖОО, колледждер мен кәсіптік білім беру ұйымдары, қала, аудан, ауыл мектептерінің әдістемелік материалдары, институтта өтіп жатқан шаралар туралы материалдармен таныса аласыздар. Басылым білім беруді жаңартудың басты ақпараттарын өз оқырмандарына жеткізіп, инновациялық технологияларға енуіне, мұғалім құзіреттілігінің бәсекеге қабілетті жеке тұлға болып қалыптасуына ғылыми-әдістемелік негізінде ықпал етеді. Мақалалар орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде басылып шығады. Журнал өлшемі А-4, тоқсанға (кварталға) 1 рет шығады.

«Ұстаз» журналы №1 (66) 2015 Наурыз

«Ұстаз» журналы №2 (67) 2015 Маусым

«Ұстаз» журналы №3 (68) 2015 Қыркүйек

«Ұстаз» журналы №4 (69) 2015 Желтоқсан

«Ұстаз» журналы №1 (70) 2016 Наурыз

«Ұстаз» журналы №2 (71) 2016 Маусым

«Ұстаз» журналы №3 (72) 2016 Қыркүйек

«Ұстаз» журналы №4 (73) 2016 Желтоқсан

«Ұстаз» журналы №1 (74) 2017 Наурыз

«Ұстаз» журналы №2 (75) 2017 Маусым

«Ұстаз» журналы №3 (76) 2017 Қыркүйек

«Ұстаз» журналы №4 (77) 2017 Желтоқсан

«Ұстаз» журналы №1 (78) 2018 Наурыз

«Ұстаз» журналы №2 (79) 2018 Маусым

«Ұстаз» журналы №3 (80) 2018 Қыркүйек