Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы

Кафедраның қызметінің негізгі бағыттары:

-       Мұғалімнің инновациялық әлеуетінің ашылуына жағдай туғызу;

-       Курс аясында білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын ұстанушы ортаны дамыту бағытында педагогтердің кәсіби біліктерін шыңдауды назарда ұстау;

-       Оқушылардың әлеуметтік белсенділіктерін дамыту, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру;

-       Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіре отырып, тың идеялар мен озық тәжірибелерге, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету;

-       Тәрбие жүйесін құру бойынша жұмыс тәжірибесін зерттеу және тарату;

-       Жасөспірімдерді әлеуметтендірудің жаңа жолдары мен әдістерін іздестіру және енгізу;

Кафедра мақсаты:

жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында  мамандардың теориялық және практикалық білімдерін жаңартуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру және тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру мәселесі бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.

Міндеттері:

-       ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050 :  бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауындағы білім беру саласына  жүктелген міндеттерді жүзеге асыру;

-       ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасындағы және  Елбасы Жолдауларындағы білім саласы қызметкерлеріне жүктелген міндеттерді орындау;

-       ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының негізгі бағыттарын және оқыту үдерісінің тәрбиелік құрауыштарын күшейту бағытындағы Типтік кешенді жоспарды жүзеге асыру;

-       мұғалімнің инновациялық әлеуетін ашу мен дамытуға жағдай жасау, инновациялық қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

-       тұлғаға бағдарланған, құзырлылық және әрекетшілдік көзқарастарды жүзеге асыруға негізделген педагогикалық шеберлікті жетілдіру;

-       мектеп пен отбасының, басқа да әлеуметтік институттардың өзара іс-әрекетінің мазмұнын, формалары мен әдістерін жаңартуға ықпал ету;

-       тәрбие жүйесі моделін құру бойынша педұжымның іс-тәжірибесін зерттеу және тарату;

-       ақпараттық технологияның жедел дамуына байланысты  кафедра қызметкерлерінің және педагогтердің АКТ құзыреттіліктерін көтерудің тиімді жолдарын іздестіру;

-       тәрбие үрдісін диагностикалау және талдау жұмысын жетілдіру

Өзекті мәселелер:

-       жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында тәрбие үрдісін этнопедагогикаландыру;

-       мектеп пен отбасының өзара әрекеті;

-       білім ұйымының тәрбие кеңістігін жүйелі жобалау мен моделдеу;

-       балалар қозғалысы мен оқушылардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыруға заманауи көзқарас  және оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру;

-       этникааралық татулық пен толеранттыққа тәрбиелеу;

-       діни экстремизмнің алдын алудың заманауи жолдарын іздестіру;

-       тәрбиенің қоғамдағы мәртебесін бекіту;

Кафедраның құрылуы:

Кафедра 2013 жылы 5 қазанда БАҰО «Өрлеу» АҚ  директорының №5 бұйрығымен құрылды.

Кафедраның құрамы:

Бахтиярова Рысканым Жолболсыновна,  ТТжӘ кафедрасының меңгерушісі

Адельбаева Нурия Адельжановна, ТТжӘ кафедрасының профессоры, т.ғ.д.

Өтеғұл Гүлмаржан Кәрімқызы, ТТжӘ кафедрасының аға оқытушысы

Сексенбаева Сайра Кировна, ТТжӘ кафедрасының аға оқытушысы

Еркегалиева Жемис Анесовна, ТТжӘ кафедрасының аға оқытушысы

Мулдағалиева Рауан Бақытқызы, ТТжӘ кафедрасының аға оқытушысы

Жаксылыков Зайлаги Валиевич, ТТжӘ кафедрасының аға оқытушысы

Мухашева Арайлым Гарифуллиевна, ТТжӘ кафедрасының аға оқытушысы

Рамазанова Гаухар Курметовна, ТТжӘ кафедрасының лаборанты

Біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларының категориясы: мектеп директорлары, директордың оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, мектеп психологтері, әдістемелік бірлестік жетекшілері, сынып жетекшілері, интернат тәрбиешілері, тәлімгерлер, әлеуметтік педагогтер, дене тәрбиесі, АӘД, ЖОМ саз пәні және саз мектебі оқытушылары, қазақ тілі пәні мұғалімдері, ағылшын тілі пәні мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтері.