Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Вакансия

«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы  Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бос лауазымдық орынға орналасуға конкурс жариялайды

  1. Оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімінің жүйелік әкімгері

Үміткерге қойылатын талаптар:

Жергілікті желілердің негіздерін білетін (TCP / IP хаттамасы, желілік жабдықтар, жергілікті компьютерлік желілер) мамандандырылған жоғары кәсіби білімі бар, графикалық редакторлар (Adobe Photoshop, Corel Draw) және бейнемонтаж (Adobe Premiere Pro) саласын, 1С бағдарламасын білетін дербес компьютерлерді, офистік техниканы жөндеу тәжірибесінің болуы;

Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші тұлға төмендегідей құжаттарды ұсынады:

  1. Түйіндеме
  2. Өтініш;
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ;
  4. Фотосурет- 1 (формат 3х4);
  5. Жеке басын куәләндыратын құжат көшірмесі;
  6. Қажетті кәсіби білімін, жұмыс өтілін және біліктілігін растайтын құжаттар(жоғары білімі туралы, біліктілікті арттырғандығы туралы, ғылыми дәреженің берілгендігі туралы құжаттардың көшірмелері, жергілікті жері бойынша кадр қызметтерінде немесе нотариуста куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмелері. Ескертпе: Құжаттардың көшірмелерін үміткер жеке тапсырған жағдайда көшірмелерді растау талап етілмейді;
  7. Қылмыстық құқық бұзушылық және жемқорлық құқық бұзушылықты жасағандығы туралы мәліметтердің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
  8. Әскери міндеттілер әскери есепке қойылуын растайтын құжатты тапсырады.

Конкурсқа келген бойда жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары тапсырылады.

Көрсетілген құжаттарының біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар берілген құжаттар тізбесіне сәйкес, хабарландыру берілген күннен бастап (03.09 бастап), 14(он төрт) күнтізбелік күн ішінде  мына электрондық поштаға Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript жолдануы тиіс.