Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Құрметті әріптестер!
12.01.2015 06:22

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚ БАИ» сайтында «Сабақ жоспары» платформасы жасақталды. Сізге платформаға мектеп пәндері бойынша өзіңіздің сабақ жоспарларыңызды орналастыруыңызға және тәжірибеңізбен бөлісуіңізге мүмкіндік  беріледі.

 

Платформа мұғалімнің сабаққа дайындалуына әдістемелік көмек көрсету мақсатында құрастырылды. Мұғалімдердің көпшілігі сабақ жоспарын дайындау барысында уақыт тапшылығы мәселесіне кезігетіні белгілі. Сайтқа жұмысыңызды орналастыра отырып, Сіз:

 

-         өзіңізге қажетті көптеген сабақ үлгілерін таба аласыз;

 

-         платформадағы материалдарды өз жұмысыңызға пайдалану мүмкіндігіне ие боласыз;

 

-         біздің филиалдың тарапынан басылым жарияланғандығы туралы анықтама аласыз.

 

 

Назар аударыңыз! Автор материалды жіберген кезде жұмысты өзі орындағанына кепілдеме береді. Авторлық құқықты бұзушылық тіркелген жағдайда (яғни, өзге автордың жұмысын иемденсе немесе олардың нақты үзінділеріне сілтеме жасамаса) материалдар қарастырылуға жіберілмейді.

 

Ұсынылған жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар:

 

1.  Мәтін А4, Microsoft Word  редакторында басылады, шрифті– Times New Roman; кегль – 14; жоларалығы – 1; азат жол шегі – 1; барлық жол жиегі - 3 см.

2.  Беттің үстіңгі жағында жолдың ортасынан қалың бояулы шрифт және бас әріппен жазылған жұмыс атауы (автордың өз жұмысында пайдаланған технологиясын немесе әдісін көрсетуі тиіс). Бір аралықтан кейін - автор(-лар)дың аты-жөні, тегі, оның астынан - автор туралы ақпарат: ғылыми лауазымы, қызметі, жұмыс орны, азат жолдан қала/облыс/аудан атауы жазылады. Бір аралықтан кейін негізгі мәтін беріледі.

 

3.   Материалдарды Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript мекен-жайына жіберу қажет.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады:

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚ БАИ», Евразия даңғылы 238, 208 кабинет,

Жумагалиева Динара Шынболатовна,

Махметова Айша Сагынгалиевна,

Шагиров Самат Сагаткалиевич. 8 775 300 6257

 

Пікірлер 

 
0 #1 Елдос 2015-01-14 08:42 Бәріңізді белсенді қатысуға шақырамын. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #2 Маншук 2015-01-15 21:56 Керемет! Ұстаздар қауымы үшін тәжірибе алмасып,іс-тәжірибені таратуға өте жақсы мүмкіндік.Бастама алған істеріңізге сәттілік тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Аида 2015-01-16 16:27 Бұл жақсы бастау болды, тәжірибе алмасып, жұмыстарымызды да ілеміз. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #4 Нурушева Светлана 2015-01-16 20:54 Я отправила уроки на сайт, ознакомтесь пожалуйста! Побольше интересных уроков на вашем сайте! Дәйексөз жазу
 
 
+1 #5 Нурушева Светлана 2015-01-16 21:02 Хотела бы видеть свои уроки на вашем сайте!Пусть будет побольше интересных разработок! Дәйексөз жазу
 
 
+1 #6 Буршеква Сандугаш 2015-01-20 16:42 Саламатсыз ба! Сіздің электронды адресіңізге сабақ жоспарымды жіберіп едім. Танысып көріңізші.Сіздің сайтыңыздан жұмысымды көремін деген үміттемін. Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
+1 #7 Самат Шагиров 2015-01-20 17:04 Құрметті педагогтер! Жіберілген барлық сабақтар қаралып, сайтқа жарияланады. Егер де сұрақ туындаған жағдайда, электронды поштаға жауап жіберіледі. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #8 Нурушева Светлана 2015-01-20 21:08 Құрметті ұстаздар! Жаңа жылымыз құтты болсын! Бәріңізге шығармашылық табыс тілеймін! Келісемін, керемет сайт!Осы мүмкіндікті пайдаланып,сайт та іс-тәжірибе,пікірл ерімізбен алмасайық!
Динара,Айша,Сам ат істерің оң болсын!
Дәйексөз жазу
 
 
0 #9 Самат Шагиров 2015-01-21 10:57 Құрметті педагогтер, пікірлеріңізге рахмет! Бұл жоба институт директорының орынбасары Елдос Набиолланұлының "Мұғалім ойлары" мақаласында қойылған мәселелерді шешу жолдарының бірі ретінде жүзеге асырылуда. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #10 Нурушева Светлана 2015-01-21 21:46 Здравствуйте! Можно получить справку о публикациях? Как и куда обращаться ? Для этого нужна дополнительная информация?
Спасибо! До встречи на сайте!
Дәйексөз жазу
 
 
+1 #11 Самат Шагиров 2015-01-22 09:47 Дәйексөз жазу Нурушева Светлана:
Здравствуйте! Можно получить справку о публикациях? Как и куда обращаться ? Для этого нужна дополнительная информация?
Спасибо! До встречи на сайте!

Здравствуйте. Справку можете получить через одну неделю, после публикации урока на сайте в 211 кабинете.

Адрес: Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» «ИПКПР ЗКО», Пр.Евразии 238, тел.240217
Дәйексөз жазу
 
 
+1 #12 Aiqul 2015-01-28 23:38 Куаныштымыз бәріміз өз облысымызда осындай мүмкіндік болганына!Тәжір ибе алмасайық ,ұстаздар! Дәйексөз жазу
 
 
+3 #13 Аскербек Турланович 2015-01-29 13:09 Сайттың бұл бөлімі педагог қызметкерлердің шығармашылық жұмысында алар орны ерекше болады деп сенемін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #14 Куанышова Салтанат 2015-02-02 22:47 Сәлеметсіздерме ! Мен сіздердің сайттарыңызға сабақтарымды салғаныма 1 апта болды. Сайттан қашан көре алам екен? Алдын-ала рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #15 Самат Шагиров 2015-02-03 10:35 Дәйексөз жазу Куанышова Салтанат:
Сәлеметсіздерме ! Мен сіздердің сайттарыңызға сабақтарымды салғаныма 1 апта болды. Сайттан қашан көре алам екен? Алдын-ала рахмет!

Саламатсызба, сабақтарыңызды алдық, рахмет. Жұмыстардың келуіне байланысты, сабақтар сайтқа ілінуде. Сіздің жұмыстарыңыз да алдағы уақытта сайтқа ілінеді.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #16 Кажгалиева Н.Т. 2015-02-03 15:47 Салеметсиздерме ! Жарияланған сабақты растайтын сертификат немесе анықтама алуға бола ма? рахмет Дәйексөз жазу
 
 
0 #17 Жанболат 2015-02-04 00:18 Самат, саламатсіз бе?
Бастамаларыңыз құтты болсын, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
Менің жіберген сабағым түсті ме екен, білуге бола ма?
Дәйексөз жазу
 
 
0 #18 Самат Шагиров 2015-02-04 12:19 Дәйексөз жазу Кажгалиева Н.Т.:
Салеметсиздерме ! Жарияланған сабақты растайтын сертификат немесе анықтама алуға бола ма? рахмет

Саламатсызба. Аты-жөніңізді анықтап жазып жіберсеңіз. Анықтаманы 1 аптадан кейін, 211 кабинеттен алуға болады. Қосымша ақпарат: тел.240217
Дәйексөз жазу
 
 
0 #19 Самат Шагиров 2015-02-04 13:45 Дәйексөз жазу Жанболат:
Самат, саламатсіз бе?
Бастамаларыңыз құтты болсын, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
Менің жіберген сабағым түсті ме екен, білуге бола ма?

Саламатсызба, рахмет. Сізге жауапты поштаңызға жазып жібердік.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #20 Алия Аймухамбетовна 2015-02-07 21:55 Сәлеметсіздерме !Бұл сайт тәжірибе алмасуға өте жақсы ойлап табылған, Рахмет! Сайтқа жіберген сабағымды растайтын сертификатты кашан, кайдан алуға болады? Рахмет, жұмыстарыныз жемісті болсын. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #21 Алия Аймухамбетовна 2015-02-09 12:08 сабағым кашан шағады екен… рахмет Дәйексөз жазу
 
 
0 #22 Алия Аймухамбетовна 2015-02-16 12:51 Салеметсиздерме ! Жарияланған сабақты растайтын сертификат немесе анықтама алуға бола ма? рахмет Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу