Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
27.02.2013 11:00

 

 

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, облыстық мәслихат депутаттары, қала, аудан әкімдері, ЖОО-ның ректорлары, өңіріміздің білім саласындағы барлық басшылар мен мұғалімдер қатысумен өткізілген активті облыстық білім басқармасының бастығы Айгүл Мыңбаева жүргізді. Өзінің «Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда 2012 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алда тұрған міндеттер» атты баяндамасында еліміздегі білім беру жүйесінің жайы мен дамуы туралы соңғы ұлттық баяндамада көрсетілген деректер бойынша облыстар арасындағы көрсеткіште біздің облыстың білім беру жүйесі алдыңғы қатардан орын алғанын айта келіп, алдағы уақтта шешімін табуы тиіс бірқатар мәселелер жайын баяндап өтті.

 

 

 


 

 

 

Жиында облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің директоры Светлана Бахишева «Білім сапасын арттырудағы аймақтық құрылымдардың әрекеттестігінің ролі», Зеленов ауданының әкімі Марат Оңғарбеков «Зеленов аудандық білім беру мекемелерінің өзекті мәселелері» атты баяндамаларын оқыды.

 

 

 

 



Осы шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ»-ның директоры Ізмұханбетова Софья Салахиденқызы «Бүгінгі білім беру жағдайындағы біліктілікті арттыру: міндеттер мен мүмкіндіктер» атты баяндамасын оқыды.

Баяндамада Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы туралы сөз қозғады. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ»-ның құрылымымен таныстырды. Баяндамашы өз сөзінде,  Корея республикасының астанасы Сеул қаласында «Сеул Кибер Университетінде» өткен семинарға аталмыш институттың директорының орынбасары Е.Н.Сафуллиннің іссапардан алған іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинардың мақсаты – ҚР біліктілікті арттыру жүйесіндегі педагогтердің e-learning жүйесін елімізге ендіру жағдайында кәсіптік құзіреттіліктерін дамыту. Оқудың бітіру кезеңінде қорытынды практикалық тапсырма ретінде контент жасаудың үлгісі үшін Қазақстандық делегаттардың ішінен төрт педагог шеберлік класын көрсетіп, бейнедәріс жасады. Сәйкесінше, Сеул Кибер университетінің видео студиясында Е.Н.Сафуллин де «Тригонометрия курсының әліппесі» тақырыбында бейнедәрісін сәтті дайындатты.

Одан әрі Софья Салахиденқызы TIMSS және PISA мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау бойынша халықаралық зерттеулердің нәтижелері,  бүгінгі таңдағы қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу мәселелерінің туындайтынын ашып көрсетті.

Өзінің қорытынды сөзінде: «Бірлескен әрекет қана жемісті нәтижеге жеткізеді. Бұл күнде «Өрлеу» деп аталатын алпыс жылдық тарихы бар біздің институт республикалық мекемеге айналғанымен, мақсаты, міндеті – біреу, ол – облыс мұғалімдерінің біліктілігін арттыру. Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Батыс Қазақстан облысындағы бақылау департаменті, Батыс Қазақстан облысы бойынша балалар құқықтарын қорғау департаменті, Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы және біз бірлескен жұмыс жоспарын жасап, жүйелі түрде жұмыстанудамыз. Отандық іс-тәжірибе негізінде әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылығымызды арттыру үшін сыни тұрғыда ойлай алатын мұғалімдер қатарын көбейтсек, қандай да бір нәтижеге жететініміз сөзсіз» деген ұсыныс берді.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.