Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
27.02.2013 ж. Филиалда БҚО Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы, аудандық және қалалық Білім беру бөлімдерінің меңгерушілері және мамандарымен бірлескен семинар өтті
27.02.2013 11:14

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ БҚО бойынша «ПҚБАИ» филиалы директоры С.С.Измуханбетованың басшылығымен өткізілген семинар

№6 ХАТТАМА

27.02.2013.                                                                                    Орал қаласы

Жиналыс  төрайымы:  С.С.Измуханбетова
Хатшы:  Л.С. Ниғметуллина

Қатысқандар:

  1. Бахишева С.М., Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы
  2. Сафуллин Е.Н., диектордың орынбасары
  3. Байкатова К.И., кафедра меңгерушісі
  4. Шамұратова Қ.Ш., кафедра меңгерушісі
  5. Аймуханбетова К.Н., бөлім жетекшісі
  6. Дүйсенгалиева К.А., бөлім жетекшісі
  7. Жумагалиева Д.Ш., бас маман
  8. Тұржанова Б.С. бөлім жетекшісі
  9. Балман А.Қ., заңгер
  10. Зиналиев М.Г., Ақжайық ауданының білім бөлімінің бастығы
  11. Иманбаев Е.М., Бөкейорда ауданының білім бөлімінің бастығы
  12. Ахметова Р.Қ., Бөрлі ауданының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
  13. Серғазиев Д. Ж., Жаңақала ауданының білім бөлімінің бастығы
  14. Ғазезов М. Ғ., Жәнібек ауданының білім бөлімінің бастығы
  15. Жұмабаева А. Ә., Зеленов ауданының білім бөлімінің бастығы
  16. Жағыпаров У. Т. Казталов ауданының білім бөлімінің бастығы
  17. Сұлтанов Ж. К., Қаратөбе ауданының білім бөлімінің бастығы
  18. Құсаинов С.М., Сырым ауданының білім бөлімінің бастығы
  19. Нарымбаев А. М., Тасқала ауданының білім бөлімінің бастығы
  20. Чукурова С. Д., Теректі ауданының білім бөлімінің бастығы
  21. Сапаров А. Б., Шыңғырлау ауданының білім бөлімінің бастығы
  22. Ғұмарова З. Б., БҚО білім беру басқармасы, Мектепке дейінгі және орта жалпы білімді дамыту бөлімі
  23. Бахишева С. М., БҚО білім саласындағы бақылау департаментінің директоры
  24. Төремұратова Ж. М., Орал қалалық білім беру басқармасы
  25. Рамазанова А. Е.,Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

Күн тәртібінде:

  1. Бүгінгі білім беру жағдайындағы біліктілікті арттыру: міндеттер мен мүмкіндіктер; /С.С.Измуханбетова /
  2. Облыс мектептерін аттестациялаудан өткізу нәтижелері мен 2013 жылдағы жұмыс бағыттары; /С.М.Бахишева /
  3. 2013 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ БҚО ПҚ БАИ және аудандық Білім беру  бөлімдерімен бірлесіп атқарылатын жұмыстардың ұйымдастырылуы; /Е.Н.Сафуллин /

Семинар жоспарына сай үш мәселені де қарастырды. Семинар төрайымы С.Измуханбетова бүгінгі күні баршамыз қатысқан, облыс әкімі Н.А.Ноғаевтың басшылығымен өткен облыс педагогтерінің активінде қарастырылған мәселелер және олардың жергілікті білім беру ұйымдары арасында шешілу жолдарын талқылады.
Облысымыздағы Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы С.М.Бахишева 2012 жылғы жұмыс нәтижесін баяндады. Алдағы уақытта түзеу қажет мәселелерді қатысушыларға жеткізе келіп, шешу жолдарын ұсынды.
Институт тарапынан Е.Н.Сафуллин житналыс жоспарындағы 3-мәселе бойынша баяндамасын оқыды. Өзара бірлескен жұмысты және институттың ішкі жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында жаңадан жасалған институттың сайтының жұмысын көрсетті. «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» және «E-learning» тақырыбында мәліметтер берді.
Жиналыс төрайымы С.С.Измуханбетова семинар қатысушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Үлестіру материалдарын нақты тапсырмалармен қоса жүктеп үлестірді. Алдағы оқу жылдарында барша мектептерде оқытуға енгізілетін Өлкетану, Абайтану, Алаштану пәндері туралы талдады.  Осы жаңа пәндерге мол материалдар табылатын салмақты басылым ретінде қатысушыларға облысымызда тұңғыш шығарыла бастаған «Дана» қоғамдық, әдеби-танымдық журналының 2-номерін сыйлады. Сонымен қатар, Е.Н.Сафуллиннің баяндамасындағы «E-gov» тақырыбына жасаған оқыту материалы негізінде «E-gov» куәлігін аудандық білім беру бөлімдері басшыларына тапсырды.

Қабылданған шешім:

  1. 2013 жылға педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмысын жүргізу үшін аудандық және қалалық Білім беру бөлімдерінде институттың семинар барысында үлестірген нұсқаулықтарына сәйкес жүргізілсін.
  2. 1-кесте формасы бойынша аудандық әдістемелік кабинеттерден мәліметтер 01.03.2013 мерзіміне дейін толтырылсын.

 

 

Пікірлер 

 
0 #2 Садыков Ерген Жолдас 2015-06-22 23:17 акжайык ауданынын былым болымынын директоры ким Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 нурмағанбет 2014-09-07 23:59 бөкейорда аудандық білім бөлімінің электронды адресі қандай, хат жолдайын десек интернетте жоқ. жазып жіберіңіздерші. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу