Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


2017 жылға арналған институттың оқу-әдістемелік бағытындағы жұмыстары
04.01.2017 10:03

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ
директорының оқу-әдістемелік жұмыстары
жөніндегі орынбасары Е.Н.Сафуллин

Жоспар

 

  1. Курстық шаралар.
  2. Курсаралық шаралар.
  3. Онлайн курстары жобасы.

 

1. Курстық шаралар

Біліктілікті арттыру институты заңнамалық және қаржылық тұрғыдан қарастырғанда №023 республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша тапсырысты орындаушы ұйым болып табылады. Тікелей қызметіне байланысты институт әрекеті курстық шаралар деп аталады және 2017 жылы оның 6 түрін жүзеге асыру жоспарланған:

1) Жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдері, бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған 296 сағаттық «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарына 60 тыңдаушыны оқытамыз. Әр топта 20 тыңдаушыдан, 2 топ қазақша, 1 топ орысша жасақталады. Бағдарлама 2012-2015 жылдары  Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы деп аталған болатын, 2016 жылдан бастап «Тиімді оқыту мен оқу» деп аталады. Біліктілікті арттырудың бұл түрінің енгізілгеніне осы жылы 6 жыл толады екен:

Жылдар

2012

2013

2014

2015

2016

2017

Тыңдаушылар саны

300

436

338

325

60

60

Бұрын оқу мерзімі 3 айлық, дәлірек айтқанда 4+4+4=12 апта болса, 2016 жылдан бастап 4+4+1=9 апта болды. Бас офистің бекіткен кестесін ұсынамыз:

Кезеңдер

Сағат саны

Оқитын апта саны

Өту уақыты

1

Аудиториялық оқыту

160

4 апта

31.07-25.08.2017

2

Мектептегі практика

96

4 апта

28.08-22.09.2017

3

Аудиториялық оқыту

40

1 апта

25.09-29.09.2017

4

Біліктілік емтиханы

30.09.2017

Барлығы

296

9 апта

 

2) «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған 340 сағаттық «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» бағдарламасы бойынша 50 тыңдаушыны оқытамыз. Әр топта 25 тыңдаушыдан, 1 топ қазақша, 1 топ орысша болады. Біліктілікті арттырудың бұл түрінің енгізілгеніне осы жылы 3 жыл толады екен:

Жылдар

2015

2016

2017

Тыңдаушылар саны

53

50

50

Оқитын апта саны

9

10

10

 

Бас офистің бекіткен кестесін ұсынамыз:

Кезеңдер

Сағат саны

Оқитын апта саны

Өту уақыты

1

Жүректен жүрекке

160

4 апта

06.02.-03.03.2017

2

Құндылықтар практикасы

100

4 апта

06.03-31.03.2017

3

Жүректен жүрекке

80

2 апта

03.04-14.04.2017

Барлығы

340

10 апта

 

3) 2017 жылдағы ерекше курс түрі - «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндерінің мұғалімдеріне арналған 640 сағаттық «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және коммуникативті-тілдік құзіреттіліктерін қалыптастыру» бағдарламасы бойынша ағылшын тілінде 10 тыңдаушыны оқытамыз. Бағдарлама қазіргі уақытта БҒМ-де бекітілуде. Курсты 2017 жылдың 13 наурызы мен 30 маусымы аралығында өткізу жоспарлануда. Бағдарлама 3 модульден тұрады:

1-модуль – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мұғалімдеріне арналған қарқынды ағылшын тілі (Intensive English Language for  Subject Teachers) – 170 сағат;

2-модуль – мұғалімнің педагогикалық шеберлігі (Teaching Knowledge) – 220 сағат;

3-модуль – жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде кіріктіріп оқыту әдістемесі (Teaching Knowledge Test Content and Language Integrated Learning (TKT CLIL) – 250 сағат. Соңғы модульді оқытуға шетелдік эксперт тартылады деп күтудеміз.

4) Біліктілікті арттыру институттары үшін дәстүрлі болып саналатын қысқа мерзімді курстардың да форматы 2017 жылда түрленіп, әртүрлі нұсқада өткізу жоспарланған:

  • 72, 80, 160 сағаттық күндізгі БАК – 337,
  • 80 сағаттық онлайн Blended learning БАК – 27,
  • 72 сағаттық күндізгі және blended learning БАК – 215,

барлығы 579 тыңдаушыны қамтитын қысқамерзімді курстардың 72, 80, 160 сағаттық нұсқаларын 23 топқа жасақтадық.

4.1) Күндізгі, яғни дәстүрлі қысқамерзімді курстарымызды ашып көрсетсек:

а) Роботтық техниканы дамыту бойынша 72 сағаттық курста 103 педагог;

б) Қосымша білім берудің түйінді бағыттары бойынша 80 сағаттық курста 111 педагог;

в) Мемлекеттік тілді  деңгейлік   оқытуды үздіксіз іске  асыру   жағдайындағы 80 сағаттық курста 40 педагог;

г) Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша 80 сағаттық курста 40 педагог ;

д) Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша 160 сағаттық курста 43 педагог біліктіліктерін арттырады.

 

4.2) Blended learning онлайн, яғни жаңаша қысқамерзімді курста қосымша білім берудің түйінді бағыттары бойынша 80 сағаттық курста 27 педагог біліктіліктерін арттырады.

4.3) 72 сағаттық күндізгі және онлайн blended learning курстарын ашып көрсетсек:

а) Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың  түйінді бағыттары бойынша МДҰ педагогтеріне арналған 72 сағаттық күндізгі курста 190 педагог;

б) Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың  түйінді бағыттары бойынша МДҰ педагогтеріне арналған 72 сағаттық онлайн blended learning курсында 25 педагог біліктіліктерін арттырады.

5) ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстары 2016 жылы алғаш іске қосылған болатын. Еліміздегі мектептер 12 жылдық оқуға көшу үдерісін білім берудің бастауыш сыныптары деңгейінде жүзеге асыратын педагогтер 6 категория бойынша облысымызда 1739 педагог 2016 жылы 29 ақпан – 12 тамыз дайындалды. Аталған курс түрлеріне қамтылмай қалған 215 педагог 24 қазан – 2 желтоқсан аралығында және оқытылды. Нәтижесінде 1954 педагог ҚР орта ББ мазмұнын жаңарту аясындағы біліктілікті арттыру курстарын оқыды.

Аталған курс түріне 2017 жылы 12 категория бойынша 2001 тыңдаушы қамтылады:

Бастауыш сынып мұғалімдері – 514;

Қазақ тілі пәні мұғалімдері – 262;

Орыс тілі пәні мұғалімдері – 195;

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері – 108;

География және жаратылыстану пәндері мұғалімдері – 60;

Дүниежүзілік тарих және құқық негіздері пәндері мұғалімдері – 143;

Физика пәні мұғалімдері – 59;

Биология және жаратылыстану пәндері мұғалімдері – 63;

Химия және жаратылыстану пәндері мұғалімдері – 36;

Математика пәні мұғалімдері – 202;

Информатика пәні мұғалімдері – 55;

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері – 304.

Курстардың оқу ұзақтықтары бастауыш сынып мұғалімдері үшін 3 апта, қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәндерінің мұғалімдері үшін 4 апта, дене шынықтыру пәні мұғалімдері үшін 1 апта, математика, физика, информатика, химия, биология, гелография, тарих пәндерінің мұғалімдеріне 2 аптаға есептелген.

6) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшы және педагогикалық қызметкерлеріне арналған 80 сағаттық қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстары. Бұл бағытта 2016 жылы бюджетті негізде курстар бомаған еді. 2017 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер оқытушыларынан 100 педагог инститтутымызда біліктіліктерін арттыру мүмкіндіктері бар.

Сонымен институтымызда 6 түрлі біліктілікті арттыру курстарында облысымыздың  60+50+10+579+2001+100=2800 педагогі сертификатталу мүмкіндіктері бар екенін баяндадық. Бұлар 16 түрлі санаттағы педагогтер. Облысымызда 58 түрлі санатта 23124 педагог қызмет етеді. Демек, қалған 42 түрлі санаттағы педагогтер біліктіліктерін қайда арттырады? - деген сұрақ туындайтыны түсінікті. Қазіргі күнде институт базасында ұйымдастырылатын 1-2 апталық ақылы біліктілікті арттыру курстары көмегіне жүгінудеміз.  Жалпы алғанда «БАҰО «Өрлеу» АҚ деп аталатын біліктілікті арттырудың республикада 17 филиалы бар қуатты ұйымында 74 түрлі санаттағы педагог кадрлар біліктіліктерін арттыруға мүмкіндіктері бар. Дегенмен, біздегі ахуал – республикамыздағы жалпы жағдай. Мемлекеттік тапсырыс санаулы санаттарды қамтитын түйінді бағыттардың педагог кадрларының біліктіліктерін арттыруға дайындалған. Аудандық, қалалық, облыстық әдістемелік кабинеттері мен «БАҰО «Өрлеу» АҚФ мамандары аталған мәселені бірлесе зерттеп, сандық ақпараттарды өзара жедел алмасып, нақты мәліметтерді жинақтап, білім саласындағы уәкілетті органға жеткізу арқылы аталған мәселенің шешімін түпкілікті табуға жұмыстануымыз қажет.

Облыс педагогтерімен атқарылатын жұмыс түрлерін үздіксіз жүргізуге мүмкіндік беретін қазіргі күндегі қуатты құрал – институт сайты. Zkoipk.kz cайтымыз іс жүзінде институт қызметін автоматтандыру дәрежесіне көтерілді. Курстық шараларды өткізуде топ тізімі, сабақ кестесі, фотогалерея, құпия сөзбен қорғалған курс материалдары, байқау сынақтары тапсырмалары, кіріс-шығыс сауалнамалары сілтемелері орналасқан сайт компоненттері институтымыздың қызметкерлеріне де, облыс педагогтеріне де көп пайдасын тигізуде.

 

2. Курсаралық шаралар

Осы күнге дейін институт барша білім беру ұйымдары тәрізді тікелей қызметтеріне қоса көптеген әдістемелік жұмыстарды да атқарып келді. Бұл бағыттағы жұмыстарды курсаралық шаралар деп атайды. Семинар, конференция, дөңгелек үстел, байқаулар тәрізді жұмыс түрлері педагог мәртебесін көтеру, озық тәжірибені облыс, республика көлемінде тарату мақсатына орай ұйымдастырылады. «Өрлеу» БАҰО» АҚ бас офисі басқарушылары 2016 жылда курсаралық шаралардың санын барынша азайтып, есесіне тікелей қызмет – курстық шаралардың сапасын көтеру міндетін қойды. Соңғы 4 жылдағы және 2017 жыл үшін сандық көрсеткіш төмендегі кестеде берілді.

Жыл

2013

2014

2015

2016

2017

Курсаралық шаралар саны

150

100

50

11

11

Курсаралық шаралардың бағыттарын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу

2012-2016 жылдары институт қабырғасында біліктіліктерін арттырған тыңдаушылар мен түрлі деңгейдегі курсаралық шараларымыздың қатысушылары сайт мүмкіндіктерімен танысып, жыл сайынғы циклограмма мазмұнына сай өз іс-әрекеттерін жоспарлап, біздің, конференция, семинар, байқауларымызға белсенді қатысуда. Сонымен қатар, «БАҰО «Өрлеу» АҚ басқармасы тапсырмасымен әр филиалға белгіленген бағыттармен тұрақты жұмыстану – педагогтерді іс-шараларымызға көптеп тартуға себеп болды.

 

Филиалдың «SMART Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері» ғылыми-әдістемелік тақырыбы бойынша 2013-2016 жылғы ұйымдастырылған конференция, семинарларға қатысқан педагогтердің статистикасы

Жылдары

2013

2014

2015

2016

Қатысқан педагогтер саны

27

103

200

351

 

2013-2016 жылдар аралығында «Е-контент», «Сабақтың үздік контенті» облыстық байқауына қатысқан педагогтердің статистикасы

Жылдары

2013

2014

2015

2016

Қатысқан педагогтер саны

14

29

52

382

 

Байқау жұмыстарын бағалауды институт қызметкерлері онлайн нұсқада жүргізу мүмкіндігі іске қосылды. Сайтымызға авторизация жасаған әділғазы мүшесі жұмысты онлайн көреді және бағаларын қоя алады. Бұл бағыттағы жұмысымыз қазіргі күндегі ПОҚ түрлі тренерлік курстарға Алматы, Астана қалаларына іссапарға шығуына байланысты жүргізілді.

Курсаралық шараларымыздың сайт бетінде платформасы қалыптасты. Смарт стилінде жұмыстануымыз нәтижесінде қатысушылар саны, мақалалар саны, географиясы бойынша тек сандық, көлемдік емес, сапа бойынша да оң өзгерістер байқалуда: конференция жинағы интерактивті нұсқада шығарылды. Мақала авторының конференция қатысушыларымен арнайы интернет бетінде жүргізетін кері байланысы QR код көмегімен барша оқырманға қолжетімді. Конференция жинағындағы мақалаларда көтерілген мәселелер конференция өткен күнімен шектелмейді, алдағы уақтытта да қалың оқырманға талдауға, пікірталас алаңында өз ойын білдіруге толық мүмкіндік жасалды. Ең бастысы мақала авторы мен оқырманның интерактивті байланысы, алдағы жылдарда да ашық болады, комментарий жазу үшін конференция платформасы үнемі іске қосылып тұрады. Педагогтер пайдалы ақпараттармен танысады, өзіне қажеттісін түрлі нұсқада алады, өз пікірлерін кез-келген шараға қатысты білдіре алады. Zero.kz тәуелсіз рейтингілеу жүйесінде 7404 қазақстандық сайттардың арасында 120-200, білім беру мен ғылым категориясы бойынша 458 қазақстандық сайттардың арасында 10-20 орындардан көрінуі zkoipk.kz сайтының мазмұндылығын білдіреді.

 

3) «Онлайн курстары» жобасы

Облыс педагогтеріне филиалдың сайтына кіріп онлайн курстары жобасына тіркелуге жағдай жасалған. Онлайн курстары жобасының ережесіне сай ІІ кезеңде қала мұғалімдерін қамту жоспарланған, бүгінгі таңда  18 тыңдаушы тіркеліп, курстардың тақырыптарына сай күніне 1 сағаттан, барлығы 4 сағат білім алды. Және 13 тыңдаушы сертификатталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылы 28 қаңтарда №95 бұйрығымен бекітілген «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары» бойынша тұңғыш рет біліктілікті арттыруды еңбек қызметінен қол үзбей қашықтан оқу арқылы жүзеге асыруға болатыны рәсімделді. Әрине, қазіргі 5 жылда бір рет өткізетін 36, 40, 72, 80 сағаттық дәстүрлі қысқамерзімді курстарымыздың мазмұнын сол күйінде қашықтан оқыту үлгісіне қабылдай салуға болмайды. Себебі, ол жүйе үздіксіз білім алу ұстанымын толыққанды жүзеге асыра алмайды. Біліктілікті арттыру институттарында курстарды тікелей өткізудің олқы тұстары бар:

  • · Педагог еңбек қызметінен қол үзеді және оның жұмыс орнындағы міндеттері өзге педагогке жүктеліп, жұмыс ырғағы өзгеріске ұшырайды;
  • · Жіберуші мекеме іссапар шығындары мен курстағы педагогті алмастырушы педагогке төленетін шығындарды көтеруіне тура келеді;
  • · Педагогтің тұрғылықты орны курс өтетін жерден өзге болғанда отбасынан да уақытша алшақтап, қиыншылықтарды бастан кешіреді;

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Г.Ахметованың 4 сәуір 2016 жылғы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың онлайн курстарын жасақтау тапсырмасына сәйкес «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 2016 жылдың 26 сәуірінде облыс бойынша Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың онлайн курстарын ұйымдастыру және өткізу туралы Ереже дайындады және бекітті. Осыған сәйкес институт жанында іске қосылған «Онлайн курстары» жобасының бірінші кезеңінде бейнесабақтар тақырыптары бойынша институтішілік педагог қызметкерлердің білімін жетілдіру курстары өз мәресіне жетті.  Аталған мәселелер бізді көптен ойландыратын. Жоғарыда келтірген бас офистің тапсырмасы біздің жұмыс бағытымызға өте үйлесімді болды. Сондықтан да жедел арада институтымызда «Онлайн курстары» жобасын іске қостық.

 

 

Жобаның өткізілу кезеңдері:

-  Институтішілік – 2016 жыл І жартыжылдық;

-  Қалалық – 2016 жыл ІІ жартыжылдық;

-  Облыс көлемінде – 2017 жыл;

Өткізілу кезеңдеріміздің іс жүзіндегі атқарылуы жоспардан ауытқыды. Институтішілік кезеңге 24 тыңдаушы тіркелген болса, соның 21-і курс мазмұнын меңгергенін дәлелдеп, сертификатталды. Яғни, 1-кезеңді 87,5%-ға орындадық деп мәлімдей аламыз. Ал, 2-кезеңімізге Орал қаласы жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері қатыса алады. Қазіргі уақытта курстарға тіркелген 20 мұғалім болса, солардың ең алғашқысы №40 ЖОББМ тарих пәні мұғалімі Куаналиева А.Ж. белсенділігімен ерекшеленіп, 14.10.2016 күні микроемтиханын сәтті тапсырды. Ағымдағы жылдың соңына дейін жоба аясында барлығы 100 педагогті қамтуды жоспарладық.

Курстардың ұзақтығы:

  • · Онлайн Курстардың ұзақтығы 4 академиялық сағат.
  • · Онлайн Курстың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды.
  • · Онлайн Курсқа тіркелу әр айдың бірінші және үшінші апталарында жүзеге асырылады.
  • · Онлайн Курстан өту әр айдың екінші және төртінші апталарында жүзеге асырылады және аптаның 1, 2, 3, 4-күндері 1 сағаттан сабақ кестесі бойынша жүргізіледі, 5-күні қорытынды сынақ.

Жоба жұмыстарын zkoipk.kz сайтындағы «Онлайн курстары жобасы» бөлімінен көруге болады. Сайтымыз арқылы біліктілікті арттыру үдерісін кешенді және қарапайым түрде қолдап, толық автоматтандыруға жұмыстанудамыз.

1-сурет

Соңғы күндерде қосқан басты өзгерісіміз – «Тыңдаушы мәртебесі» батырмасы.

Онлайн тыңдаушының жүру жолы 7 қадамға бөлінеді.

1) Онлайн өтініш. 1-суреттен байқағаныңыздай «Онлайн өтініш» батырмасын шертіп, ашылған терезеде өзіңіз туралы және бізбен байланысты ұстауға байланысты 8 ақпаратты толтырасыз.

2) Ұсыныс. Институттағы жоба мүшелері түскен өтініштерді сұрыптап, мектеп басшылықтарына хабарласып, мәліметтер расталған жағдайда өтініш иесінің жұмыс орнына қатынас қағаз жібереді. Ол хатта аталған мұғалімдерді онлайн курсқа жолдау туралы бұйрық шығарып, бізге сканкөшірмесін жолдау сұралады.

3) Мектеп бұйрығы. Бізден жолданған хатқа сәйкес мектеп директоры ұжымымен кеңесе келіп, онлайн тыңдаушыға бұйрық шығаруы мүмкін.

4) Институт бұйрығы. Бастапқы 3 ақпаратты қорыта келіп, институтқа онлайн тыңдаушыларды курсқа қабылдау туралы бұйрық шығарамыз.

5) Оқу үдерісі. Ережеге сай күніне 1 сағаттан, 4 күнге созылады.

6) Микроемтихан. Әзірге жоба аясындағы жұмыстардың нақты көрінісін бағалауымыз үшін қала мұғалімдерінен құралған онлайн тыңдаушыларды  бір күнге институтқа шақырып, тексеру сұрақтары мен тапсырмалары қойылады. Тыңдаушылардың ұсыныстары қабылданады. Бұл қадам бейне және фототіркеулерді қажет етеді.

7) Сертификат. Бейнесабақтан меңгерген білімін көрсете алған тыңдаушы сертификатталады.

Елімізде жалпы халыққа қол жетімді жоғары жылдамдықты интернет, ноутбук, смартфон, планшет тәрізді құралдардың біртіндеп енгеніне де 12 жылдай уақыт өтіпті. Смарт құрылғылар байланыс, жұмыс құралдары ретінде кең таралды. Смарт білім беру – қазіргі білім берудегі жаңа және нақты жағдай. Педагогтерімізді бұл бағытта даярлау соңғы 30 жылдағы компьютерлік сауаттылықты арттыру ісіне қарағанда анағұрлым нәтижелі жүруде. Мектепте 30 жыл бойы айтылып, педагогтерді ынталандырып, үйретіп, міндеттеп келген – компьютерлік сауаттылық, мойындауымыз керек, әлі төмен деңгейде. Ал, соңғы 3-4 жыл көлемінде қоғамда пайда болған, шетелдік әріптестер үндеген фейсбук, ватцап тәрізді әлеуметтік желі бағдарламаларын қолдану – біздің педагогтеріміз үшін аса жеңіл болып шықты. Бұл қуанышты жағдай. Әр жаңалықты бірінші кезекте жеке басына қолдануды меңгерген адам ғана оқушысына мазмұнды білім бере алады. Сондықтан, институт қабырғасында оқылатын барша курстардың вариативті модульдеріне смарт құрылғылардың көмегімен, АКТ құралдары көмегімен жеке әлеуметтік есептерін шешу жолдарын үйретуді жандандырамыз (бұған дейін де электрондық үкімет тақырыбы нәтижелі оқытылып келді). Нәтижесінді педагог уақытын және қаржысын үнемдеуді меңгереді. Ең бастысы, заманауи технологияны жеке әлеуметтік есептерін шешуге қолдануды меңгерген ұстаз, педагогикалық қызметіне де жаңа технологияны толыққанды қолдана білу дәрежесіне көтеріледі. Сайттар ішінде myhalyk.kz, kaspi.kz, hcsbk.kz, egov.kz, orleu-edu.kz, zkoipk.kz мүмкіндіктерін меңгеру – педагогтерге көп көмегін тигізеді деп санаймыз. Соңғы жылдары дамыған мемлекеттер электрондық оқытудың E-learning, U-learning, M-learning кезеңдерін өткізіп, ең үздік технологияны қолданатын Smart-learning кезеңіне қадам басқаны белгілі. «БАҰО «Өрлеу» АҚ Басқармасының және барша өңірлердегі 17 филиалдың қызметкерлерінің жұмылуымен жасалып жатқан осындай жұмыстарымыз бір жағынан, елімізде E-learning, U-learning, M-learning, Smart-learning кезеңдерін сәтті енгізуге педгогтерді кәсіби дайындауды қамтамасыз етеді, екінші жағынан, барша халықты үздіксіз оқуға әкелетін оң қадам болады!

 

Пікірлер 

 
0 #8 Рысқаным Бахтиярова 2017-01-30 13:58 Біліктілікті арттыруда институттың 2017 жылғы қызметіндегі басым бағыттарды айқындап, 2016 жылдың жұмыстарын саралай көрсеткен мақалаңыздың облыс педагогтері үшін пайдасы көп болары сөзсіз! Іске сәт! Шығармашылық табыс тілеймін! Дәйексөз жазу
 
 
+1 #7 Алмагуль 2017-01-16 18:11 Саламатсызба! мақалада мұғалімдерді көптеген жаңалық бар екен толық мәліметті ашып көрсеткеніңіз үшін рахмет, онлайн курс жақсы екен әсіресе Дәйексөз жазу
 
 
+1 #6 Куралай 2017-01-11 11:42 Қазіргі таңдағы білім берудің мазмұны мен технологиялары қарқынды өзгеріп жатқан кезеңде біліктілік арттыру курстарының өзгерістерге сай категорияларыны ң өзгеруі, қосылуы құба құп.ББҰ еңбектеніп жатқан педагогтер мақаламен толыққанды танысып шықса, білім берудегі басымдылықтарды көреді және әр педагог өз пәні, мамандығы бойынша ғана емес, білім саласындағы өзгерістерге орай курстардың қажеттілігін түсінуге септігін тигізері сөзсіз. Дәйексөз жазу
 
 
+2 #5 Багдагул Беккалиевна 2017-01-08 02:02 Мұғалімге қанша ақпарат беріпсіз?!
Қадамдарын, жолдарын көрсетіп те қойыпсыз.
Білім беру қағидаты: не білу емес, не жасай білу,
Екендігін іс жүзінде дәлелдеп те қойыпсыз.
Дәйексөз жазу
 
 
+1 #4 Елдос Сафуллин 2017-01-07 22:52 Дәйексөз жазу Шынар Габдрахманова:
Уакыт талабына сай отип жаткан онлайн кустар бизге аса кажет. Онлайн курстарга университет мугалимдерин катыстыру мумкиндиги карастырылады ма?

Әрине, Шынар Төлегеновна, біз бірлесе жұмыстануға дайынбыз!
Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Елдос Сафуллин 2017-01-07 22:51 Дәйексөз жазу Байкатова Кумыс:
Елдос Набиоллаұлы, мақалаңызда көптеген мүғалімдерге қажетті мәліметті толық және салыстырмалы түрде корсеткенсіз, рахмет! Бұл мәлімет жаңашыл мұғалімге жоспар құруға көмектеседі деп есептеймін.

Күміс Илясовна, рахмет жылы пікіріңізге
Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Шынар Габдрахманова 2017-01-06 18:07 Уакыт талабына сай отип жаткан онлайн кустар бизге аса кажет. Онлайн курстарга университет мугалимдерин катыстыру мумкиндиги карастырылады ма? Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Байкатова Кумыс 2017-01-06 17:45 Елдос Набиоллаұлы, мақалаңызда көптеген мүғалімдерге қажетті мәліметті толық және салыстырмалы түрде корсеткенсіз, рахмет! Бұл мәлімет жаңашыл мұғалімге жоспар құруға көмектеседі деп есептеймін. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңарту