Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 1-сыныптың мұғалімдері үшін оқыту семинары оздырылды
19.03.2017 19:32

2017 жылдың 18 наурыз күні Бөрлі ауданы Ақсай қаласында 1-сынып мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесін дамыту: критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында қазақ тілді «Ключевые компоненты использования критериального оценивания в рамках обновления содержания образования» тақырыбында орыс тілді және топтарда 8 сағаттық жылжымалы оқыту семинарлары оздырылды.

Семинарға жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқып сертификатталған және 1-сыныпта жұмыс жасайтын мұғалімдер шақырылды, қазақ тобында 28, орыс тобында 27 мұғалім қатысты.

Семинар аясында оқушылардың оқу жетістігін бағалау мәселелері, қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері талқыланып талданды; жиынтық бағалауды ұйымдастыру бойынша кеңестер беріліп, табыс критерийлерін құру мен оқушыға керібайланыс беру бойынша практикалық сабақтар оздырылды. Әдістемелік әткеншек әдісімен мұғалімдердің өз тәжірибелерімен бөлісу ұйымдастырылды. Қатысушылар семинардан құнды ақпарат алып, оқыту тәжірибелерін байытқандығын айтып, семинар ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдіріп тарасты.

 

Пікірлер 

 
0 #7 Гаухар Курметовна 2017-03-27 14:13 «Оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесін дамыту: критериалды бағалау жүйесі» тақырыбындағы оқыту семинары өте мазмұнды және жоғары деңгейде өткеніне сенімдімін. Рауан Бақытқызына шығармашылық табыс тілеймін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Аскербек 2017-03-27 09:44 Әдістемелік семинардың мұғалімдерге пайдасы мол, белгілі бір тақырыпты тереңірек қарастырады. Мұғалімдердің қызығушылықпен қатысқанын фотосуреттерден анық көруге болады. Әріптестеріме сәттілік! Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Айдана Мадиевна 2017-03-25 20:38 «Оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесін дамыту: критериалды бағалау жүйесі» тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың оқу жетістігін бағалауда критериалды бағалауды тиімді қолдану бойынша көкейіміздегі сұрақтраға жауап алып, білімімізді толықтырдық. Рауан Бақытқызына Рахмет! Шығармашылық табыс тілеймін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Айдана Мадиевна 2017-03-25 20:33 «Оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесін дамыту: критериалды бағалау жүйесі» тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың оқу жетістігін бағалауда критериалды бағалауды тиімді пайдалану бойынша көптеген сұрақтарымызға жауап алып, түсінігіміздіто лықтырдық.Топпен жұмыс жасау арқылы білімімізді жетілдіріп, тәжірибе алмастық. Рауан Бақытқызына Рахмет!! Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Дамира Данияловна 2017-03-25 14:51 Семинар прошел на высоком уровне.Получили ответы по актуальным вопросам организации формативного оценивания на уроке и планированию суммативного оценивания,обме нялись опытами работы в начальных классах.Спасибо нашему тренеру Шынар Мулкаевне! Творческих успехов вам! Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Кенжетаева Кундыз 2017-03-25 11:49 Спасибо большое нашему тренеру Шынар Мулькаевне за насыщенный теоретический семинар. Получила максимум знаний, буду внедрять на своих уроках. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Гулдана 2017-03-24 14:52 Қайырлы күн!
«Оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесін дамыту: критериалды бағалау жүйесі» тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар жұмысы табысты болды деген ойдамын. Суреттерден өз дамуының субъектісіне айналған мұғалімдерді көреміз. Әріптестерім Шынар Мулкаевна мен Рауан Бақытқызына мұғалімдердің біліктілігін арттыруда шығармашылық табыстар тілеймін!
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.