Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Жаңартылған білім беруге жаңаша дайындық
29.08.2017 11:58

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастыруымен 2017 жылдың 23-28 тамыз аралығында 1-2-сынып мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сыныпта пәндерді оқытудың негізгі ерекшеліктері» тақырыбында аудандық және қалалық оқыту семинарлары оздырылды. Семинарларға 144 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Семинарлардың мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқу үдерісін ұйымдастыру мен жоспарлау дағдыларын дамыту.

Семинарлар барысында қатысушылар 2017-2018 жылғы оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен танысты. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша педагогикалық үдерісті ұйымдастыру, критериалды бағалау және әртүрлі белсенді оқу әдістерін өткізу жолдарымен танысты. Критериалды бағалау бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудан кейін өтетін модерация үдерісін өздері орындап көрді. Семинарларда кері байланыс ретінде педагогикалық үдерісте кездесетін жағдаяттарды шешу жолдары қарастырылды және қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Мұғалімдерге күнтізбелік-тақырыптық жоспары мен қысқамерзімді жоспарды құрастырудың және оқушы жетістіктерін критериалды бағалаудың тиімді жолдары ұсынылды. Жаңартылған білім мазмұны аясындағы бес күндік оқу жағдайында алтыншы күн (сенбі) және 2-сынып оқушылардың үй тапсырмасын ұйымдастырудағы мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар жаңартылған білім мазмұны аясында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы академиялық пәндер арқылы мектеп мазмұнына енгізілуіне байланысты тиімді ұсыныстар берілді. Рефлексия кезеңінде мұғалімдер жаңа оқу жылын жаңартылған бағдарламалармен толық бастауға дайын екендігін жеткізді.

 

Пікірлер 

 
0 #4 VikaJol 2017-09-20 20:30 Oh Lord. I don't know what to do as I have tons of work to do next week summer. Plus the university exams are nearing, it will be a torture. I am already being anxious maybe I should click here to calm down a little bit. Hopefully it will all go well. Wish me luck. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Динара Жумагалиева 2017-09-04 14:25 Құрметті ұстаздар, сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтаймыз!
Сіздерге көптеген шығармашылық табыстарға жетуіне және шәкірттеріңізді ң жетістіктерінің куәгері болып жүрулеріңізге тілектеспіз!
Әріптестер, сіздерге оқу үдерісін ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету жаңартылған білім беру тренерлері үнемі дайын.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Динара Жумагалиева 2017-09-04 12:16 Уважаемые учителя, поздравляем вас началом нового учебного года!
Желаем вам творческих успехов и крепкого здоровья!
Тренеры по обновленному содержанию образования готовы оказать вам помощь в организации учебного процесса.
Дәйексөз жазу
 
 
+1 #1 Темиргалиева М 2017-08-31 22:40 казталов ауданында өткен семинарға қатыстым. Өзіме жаңартылған білім мазмұны бойынша көп мағлұмат алдым,ҚМЖ құру жолдары, бағалау туралы білімімді толықтырып,өзге әріптестеріммен ой бөлістім. Маған тренер Габбасова Б.Б -ның ұйымдастырған сан түрлі ширату, топқа бөлу әдістері өте ұнады.Сонымен қатар модерация үдерісін өзіміз талдап, орындап көруіміз де көп нәрсеге көзқарасымызды айқындап, бағытымызды айқындағандай болдық. Тренерге және институт ұжымына осындай тиімді семинар ұйымдастырғаны үшін, көп рахмет айтамын. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңарту