Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды
26.01.2018 20:45

2018 жылдың 26 қаңтарында Музыка пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курс аясында Орал қаласындағы М.Ықсанов атындағы №36 мектеп базасында көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды.

Қаламыздағы №36 ЖОББМ жаңартылған бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын ендіру жағдайында және білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша Қазақстан Республикасында апробациядан өтіп жатқан пилоттық 30 мектептің бірі.

Курс тыңдаушылары аталмыш мектеп мүғалімі Батырова Аспет Утебаевнаның  жаңартылған білім беру мазмұны бойынша  2-ші сынып  «Дені саудың- жаны  сау» оқу бөліміндегі «Стадион үні» тақырыбындағы сабағын тамашалады.

Сабақтар әдістемелік жағынан өте жоғары деңгейде өтті. Тыңдаушылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша теория мен практиканың ұштасқанын, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым (орындалым) дағдыларын дамытудың тиімді әдістерін, инновациялық технологияларды қолдану шеберлігі, қалыптастырушы бағалау мен әртүрлі деңгейдегі саралау тапсырмалары қолданылған сабақты көрді.  А.У.Батырова әріптестеріне тәжірибелік кеңесін беріп,  оқу материалына қажетті ресурстарымен бөлісті.

Осындай мазмұнды жұмыс ұйымдастырғаны үшін мектеп директоры А.З.Губашеваға ризашылығымызды білдіреміз. Мектеп ұжымына шығармашылық шабыт және жаңа табыстар тілейміз.

 

Пікірлер 

 
0 #3 Жашибаева Акмарал 2018-02-02 10:44 Құрметті Әспет. Сіздің жаңа үлгідегі сабақ беру тәсілдеріңізді көріп,өзіме көптеген мағлұмат алдым .Сізге шығармашылық табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Нурушева Жанаргул 2018-02-02 10:38 Құрметті Әспет!Сіздің берген сабағыңызға қатыса отырып ,өзіме керекті мәліметті бойыма сіңірдім. Қазіргі заманауи тәсілдерді қолдану , балаларға қызықты сабақұйымдастыр у жолын меңгердім. Еңбегіңізге жеміс,мол табыс тілеймін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Кусаинова Зухра 2018-02-02 10:06 Құрметті әріптесім Аспет сіздің берген жаңа мазмұн бойынша сабағыңыз маған ұнады,іс-тәжірибеңізден өзіме қажетті,тиімді интерактивті тәсілдердің жолдарың меңгердім. Сізге шығармашылық табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу