Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы күнделігі 1-30 қыркүйек
02.10.2018 19:37

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Жолдауында орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының бейнесабақтары мен бейнедәрістерін Интернетте орналастыру қажеттілігі айтылған болатын. Президентіміздің өзі видеосабақ туралы нақты тапсырманы атаған кезде білім берудің түрлі салаларындағы үздік педагогтер анықталуы және олардың бейнесабақтарын түсіріп, өңдеу, кейін Интернетке орналастыру тәрізді жауапты, әрі ауқымды істердің тұрғаны мәлім болды. Осы тапсырма «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» базасында қалтқысыз жүзеге асты. Байқау ережесімен танысқаннан кейін қатысушылар өтініштерін екі нұсқада бере алды: біріншісі, дәстүрлі түрде өтінішті толтырып электрондық поштаға жолдайды; екіншісі, онлайн өтініш береді, яғни кез келген жерде компьютер, ноутбук және смартфон арқылы да беруге мүмкіндік жасалды.

11 қыркүйек күні институт қызметкерлері «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ұйымдастырған семинар-кеңеске қатысып, байқау бойынша мәселелерді талқылады.

28 қыркүйек күні  институт директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Е.Сафуллиннің ұйымдастыруымен байқау барысы жөнінде басқосу өткізіліп, әр санат бойынша байқауға қатысушылар саны нақтыланды.

Қазіргі таңда байқауға қатысуға ниетті 150-ге жуық  педагогтен өтініш келіп түсті, соның 127-і онлайн өтініш бергендер. Байқауға қатысушы педагогтерге ұйымдастырушылар тарапынан бейнесабақ түсіру барысында туындаған мәселелерді шешу жолдары айқындалып, әдістемелік көмек көрсетілуде.

Сонымен қатар жоспарға сай байқау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша бейнешолу екі тілде жасақталып, сайтқа орналастырылды.

Қатысушылардың тарапынан алғашқы бейнесабақтар да келіп түсті.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.