Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Вебинар өтті
16.06.2020 15:59

16 маусым күні «Орал-Өрлеу» институтында «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушы білімін бақылау мен тексеру үшін цифрлық білім беру ресурстарын құру және тиімді қолдану жолдары» тақырыбында онлайн режиминде вебинар өтті.

Қашықтықтан оқыту жағдайында білімді бақылау және тексеру үшін цифрлық білім беру ресурстарының мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатындағы вебинарға ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты. Онлайн шараны  ББП ППС кафедрасының аға оқытушысы Гүлмаржан Кәрімқызы Өтеғұл мен ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы Жеміс Анесқызы Еркегалиева ұйымдастырды.

Шара барысында аға оқытушы Жеміс Анесқызы «Цифрлық білім беру ресурстары. ЦБР құру алгоритмі» тақырыбындағы баяндамасында ЦБР-ге қойылатын жалпы педагогикалық талаптар, стандарттар, қолданылуы бойынша ұсыныстар мен негізгі әдістерге  тоқталды. Сонымен қатар цифрлық білім беру ресурстарын құрудың мақсаты, алгоритмі, тиімді әдістері жөнінде айта келіп, «Өрлеуде» жасақталған цифрлық білім беру ресурстарына сілтеме берді. Әрі қарай сөз алған  ББП ППС кафедрасының аға оқытушысы Гүлмаржан Өтеғұл «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушы білімін бақылау мен тексеру үшін Padlet, Classtime қосымшаларының тиімділігі» тақырыбында ой бөлісіп, Padlet, Classtime платформасын пайдаланудың жолдары мен мүмкіндіктері,  оны тиімді қолдану, оқушыларға қолжетімді болуының жолдары жөнінде іс – тәжірибесімен бөлісті.

Вебинар соңында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстар берді.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.