Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Вебинар болып өтті
24.06.2020 17:36

24 күні Орал «Өрлеу» институтында «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушы білімін бақылау мен тексеру үшін BilimLand.kz платформасын, Padlet, Classtime қосымшаларын қолдану жолдары» тақырыбында онлайн вебинар өтті.

Білімді бақылау және тексеру үшін BilimLand.kz платформасының, Padlet, Classtime қосымшаларының мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында өткен вебинарға шағын жинақталған мектептің мұғалімдері қатысты.

Вебинар жұмысын ББП ППС кафедрасының аға оқытушысы Құралай Шамуратова ұйымдастырып, вебинардың ережесі мен  жоспарын түсіндіріп өтті.

Әріптесінен кейін сөз алған осы кафедраның аға оқытушысы Шынар Зулкашева  «Қашықтықтан оқыту бойынша сабақты жоспарлау, тақырыпты өз бетінше меңгеруді ұйымдастыру, тапсырмаларды орындау және оны тексеру үшін BilimLand.kz платформасы мүмкіндіктері» жөнінде іс-тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ аға оқытушы BilimLand.kz қашықтан оқытудың ерекшелігі, қашықтықтан оқыту сабағының құрылымы, ұйымдастыру жолдары, тәсілдері, тапсырма дайындау, платформа мүмкіндері жөнінде толық ақпарат берді.

Әріптесінің сөзін жалғаған Гүлмаржан Өтеғұл «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушы білімін бақылау мен тексеру үшін Padlet, Classtime қосымшаларының тиімділігі» тақырыбына тоқталып, қатысушыларға Padlet, Classtime қосымшаларына сілтеме арқылы тіркеліп, топтық жұмыс жасауға мүмкіндік берді. Қатысушылар осы екі платформа арқылы интернеттің әлсіздігіне қарамай, білім беру кезінде немесе оқушыға тапсырма беруде осы платформаларды қолдануға болатынына көз жеткізді.

Вебинар соңында аталған кафедраның аға оқытушысы Құралай Шамуратова қатысушылармен кері байланыс орнатты.

Өзекті тақырыпты арқау еткен вебинарға қатысушылар «Өрлеулік» аға оқытушыларға алғыстарын білдірді.

 

Comments 

 
+2 #1 Салтанат 2020-06-26 15:41 «Қашықтықтан оқыту бойынша сабақты жоспарлау, тақырыпты өз бетінше меңгеруді ұйымдастыру, тапсырмаларды орындау және оны тексеру үшін BilimLand.kz платформасы мүмкіндіктері» жөнінде және BilimLand.kz қашықтан оқытудың ерекшелігі, қашықтықтан оқыту сабағының құрылымы, ұйымдастыру жолдары, тәсілдері, тапсырма дайындау туралы тренерім Зулкашева Шынар Мулкаевна толық бізге керек мәліметпен бөлісті. Ал «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушы білімін бақылау мен тексеру үшін Padlet, Classtime қосымшаларының тиімділігі» тақырыбына тоқталып, Padlet, Classtime қосымшаларына сілтеме арқылы тіркетіп, бізге топтық жұмыс жасатқан өз ісінің шеберіГүлмаржан Өтеғұлға алғыс білдіремін. Осы вебинарды ұйымдастырған өрлеулік оқытушыларға 45-топтың және өз атымнан алғыс білдіремін. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.