Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Республикалық семинар өтті
17.07.2020 19:30

2020 жылдың 17 шілдесі күні «Өрлеу» БАҰО» ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқыту жағдайында жаңартылған мазмұн бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Шараға ДББҰ "НЗМ" филиалы "Педагогикалық өлшеулер орталығы" өкілдері, біліктілікті арттыру институты  директорларының орынбасарлары, оқу және мониторинг қызметі бөлімі басшылары, жаңартылған оқу мазмұны бойынша сертификатталған тренерлер, ІТ мамандар, «Өрлеу» БАҰО"  филиалдары қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында ПӨО өкілі «Тыңдаушылардың онлайн форматта сабақты жоспарлау бойынша презентациясын жиынтық бағалауды ұйымдастыру» және "Өрлеу" БАҰО" АҚ ІТ мамандары  «Тіркеу алгоритмі және конференцияға кіру жолдары, ZOOM арқылы онлайн сабақ өткізу» тақырыптарында баяндамалар жасады.

АҚФ «БҚО ПҚБАИ» директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Елдос Сафуллин «Қашықтықтан оқыту жағдайында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру тәртібі» тақырыбында баяндама жасап, өз ойын ортаға салды. Елдос Набиоллаұлы сөз кезегінде жаңартылған білім беру мазмұны  курстарын қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктерімен  таныстырып, курс  барысында  ZOOM  платформасын қолдану  мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат  берді.

Семинар соңындағы кері байланыста қатысушылар өткізілген шараға оң баға беріп, осы жұмысты жүзеге асыруға атсалысқан ұйымдастырушылардың бірі ретінде Елдос Набиоллаұлы көтерген мәселелердің өзектілігіне тоқталып, тиімді тұстарын атап көрсетті.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.