Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Қолдау көрсетілді
30.07.2020 08:13

28  шілде күні «Нұр Отан» облыстық  филиалының бастауыш партия ұйымы мен «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері облыстық аурухананың провизорлық госпиталінде  болып, «Ковид-19» індетінен ем алып жатқандарға қолдау көрсетті.  Бұған дейін де «Нұротандықтар» емделіп жатқан науқастарға емдеу аппараттары, дәрі дәрмек, азық-түлік өнімдерімен көмек көрсетіп келген болатын. Бүгін бастауыш партия ұйымдары осы игі істі жалғастырып, халыққа қолдау көрсетті.

Игі шараны  «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында   «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» «Өрлеу» БПҰ,  КазИИТУ ғылыми-білім кешені «Зияткерлік» БПҰ, облыстық халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту орталығы «Көмек» БПҰ мүшелері ұйымдастырды. «Біз біргеміз!» акциясы аясында «Нұротандықтар»  емделушілерге иммунитетті көтеретін азық-түлік өнімдері салынған жүз шақты «Денсаулық пакетін» үйлестірді. Індет басталғаннан бері «Өрлеу» бастауыш партия ұйымы еріктілермен бірге игі іс шараларға қатысып, қолдау көрсетіп келеді.

Провизорлық аурухананың мамандары бұл індетті ел азаматтарының  бірлігі мен ұйымшылдығы арқасында ғана жеңетінімізге сенім білдірді.  «Жақсы сөз, жарым ырыс» дегендей, ақ халатты абзал жандардан күні бүгінде жедел жәрдем көмегіне жүгінетіндердің саны азайып, науқастардың жағдайы жақсарып келе жатқандығын естіп, бір қуанып қайттық.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.