Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасы |
Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасы - «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ негізгі ғылыми-әдістемелік құрылымдық бөлімшелерінің бірі. Кафедра өз құрамында мектепке дейінгі және орта білім беру мұғалімдеріне жетекшілік етіп, педагогика және психология саласында жұмыс жасайтын педагогтерді біріктіреді. Әдістемелік тақырыбы: «Нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшу жағдайындағы педагогтың кәсіби құзыреттілігі». Мақсат: тыңдаушылардың барлық санаттары үшін педагогика, дидактика және психология бойынша оқыту бағдарламаларының модульдерін жасақтау, оларды біліктілікті арттыру жүйесіне енгізу. Кафедра миссиясы: педагогтердің қалыптасуы мен кәсіби дамуы үшін жағдай жасау. Кафедра міндеттері: - педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курс мазмұнын жаңартудың басым бағыттары бойынша бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарын құрастыру; - педагогикалық қызметкерлерге практикалық көмек көрсету және біліктілікті арттыруда оқу үрдісін жетілдіруге бағытталған курстық/курсаралық жұмыстарды ұйымдастыру; - педагогикалық қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру. Кафедраның стартегиялық бағыты: үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибе негізінде білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мазмұнын жаңғырту. Күтілетін нәтижелер: - мұғалімдердің оқыту пәндері мен өзін-өзі тануды біріктірудегі оқыту тәжірибесінде қолдануы үшін білім, іскерлік және дағдыларының болуы; - мұғалімдерде оқыту үдерісінде топтық жұмыс әдістерін тәжірибелік қолдану дағдыларының болуы; - мұғалімдерде оқыту және тәрбиелеу үдерісінде темпераментті есепке алып оқыту техникасын қолдану шеберлігінің болуы; - мұғалімдердің оқыту тәжірибесіне оқытудың инновациялық техникаларын белсенді қолдануға дайындығы; - мектепке дейінгі білім беру педагогтері балаларды ерте және қарқынды дамыту мен оқыту технологияларды меңгерген болуы; - мұғалімдерде АКТ қолдану дағдыларының болуы.
Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының сандық және сапалық мазмұны
|