Курсовые мероприятия

Межкурсовые мероприятия

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Бірге оқимыз» жобасының кезекті шарасы
13.12.2017 15:00

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» кітапханасының  ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Бірге оқимыз» жобасының кезекті шарасы оздырылды. Шара барысында институт қызметкерлері  жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романының мазмұнымен танысып, пікір алмасты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында Ш.Мұртазаның  «Ай мен Айша» романы түрік тіліне аударылған болатын.

«Ай мен Айша» романы – балалық шақтың естеліктерін, бала кезінде өз көзімен көрген қоғамды және бүгінгі күнгі мәсе­лелерді, қазақ әйелі мен қайраткер ананың мейір-шапағаты мен жанкештілігін, адамгершілік қаcиеттері мен сол кездегі қоғамдық қaқтығыстарды шебер көрсете білген қомaқты шығарма.

Шара барысында сөз алған директордың орынбасары Е.Н.Сафуллин "Тәуелсіздік – Отaнымыз үшін, мемлекетіміз үшін, жалпы әрбір саналы азамат үшін ұлағатты ұғым, тәу етер жалғыз кие. Тәуелcіздікке дейін де, кейін де еліміздің жарқын болашағы үшін тер төгіп, қоғамның жаңғыруына ықпал еткен азаматтардың бірі Шерхан Мұртаза болатын"– деп,Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қарымды қаламгердің туындысымен  ұжым болып танысу, оқу үлкен мәртебе екендігін атап айтты. Шараға үлкен қызығушылықпен қатысқан институт ұжымы аталмыш туындының ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, сананың жаңғыруына, әр адамның рухани тұрғыда дамуына зор әсер беретін шығарма екендігін баяндады.

 

Комментарии 

 
+1 #1 Динара Жумагалиева 2017-12-14 09:48 Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында филиалымызда «Бірге оқимыз» жобасының кезекті шарасы жоғары деңгейде өткізілді. Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романын мазмұнды суреттеген оқырмандарға және шараны ұйымдастырған филиалдың кітапханашылары Индира Маратқызы мен Айгүл Асқарқызына алғысым шексіз! Цитировать
 
 
+1 #2 Байкатова Кумыс 2017-12-14 09:57 Индира Маратқызы мен Айгүл Асқарқызының ұйымдастыруымен жыл бойы өткізген «Бірге оқимыз» жобасының адамды рухани байытуға алар үлесі зор деп есептеймін. Біздің кітапханашылары мыз оқуға деген қызығушылықты арттыру үшін тамаша құрал тапты. Шығармашылық ізденістер мен ынта-жігеріңізге рахмет! Цитировать
 
 
+1 #3 Елдос Сафуллин 2017-12-16 00:45 Институтымыздың кітапханашылары Индира Маратқызы мен Айгүл Асқарқызының "Бірге оқимыз" жобасына ұжым мүшелері өте белсенді қатысады. Барлық бөлімдердің өкілдері жыл бойына қатысып шыққан.
Орыс тілінде сауат ашып, білім алған, орыс тілді ортада көп жылдар қызмет атқарған ұжым мүшелері, мысалы Күміс Ілиясқызы мен Күнсұлу Насиболлақызы сынды әріптестерімізд ің қазақ тілінде еркін, жетік сөйлеп, кітаптағы өздеріне тиесілі бөлімдердің мазмұнын баяндауларына куә болдық. Шексіз разы болдық!
Цитировать
 
 
+1 #4 Елдос Сафуллин 2017-12-16 00:46 Жанбота Оспанқызы, Балзия Саудабаевна деген әріптестеріміз үздіксіз қатысатын оқырмандар санатынан екен Цитировать
 
 
+1 #5 Елдос Сафуллин 2017-12-16 00:47 Динара Шынболатовнаның кафедрасы оқытушыларының жыл бойындағы қатысу көрсеткіштері үздік деп танылып, институттың Алғыс хатын иеленді Цитировать
 
 
0 #6 Рауан Бақытқызы 2018-01-11 14:03 Шараның маған ұнайтын тұсы - шығарманың идеясын білдіретін мысалдар жазып қалдыру. Мен бүгінгі шарада: "Таста жан жоқ дейміз. Таста от бар. От болса жан бар. Жаным деп жүрген адамдардан артық. Адамда от мың күн жанып, бір күн өшеді, таста мәңгілік" деген жолдарды қалдырдым. Себебі, қара тас, тас жүрек деген тіркестермен тасты мейірімсіз, қатты, суық деп ұғып келдік, ал тастың да от беретіндігіне назар аудармайды екенбіз. От жылылық болса, тас та жылылық бола алады емес пе? "Шақпақтас" бөлімінен кейінгі ойым. Әріптестеріме көп рақмет! 2018 жылы да "Рухани жаңғыру" аясында ұлттық құндылықтарымыз ды бойымызда мәңгі қалдыратын шығармалармен тереңірек танысатыныма сенімім мол Цитировать
 

Добавить комментарий