Курсовые мероприятия

Межкурсовые мероприятия

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Өнімді еңбек, жемісті жыл қорытындыланды
26.12.2017 09:47

Фестиваль беті

Оралдағы «Өрлеудің» өрлігін танытатын жылды қорытындылау шарасы биылғы жылы да аталып өтті. Шараның өзі «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының 5 жылдығын атап өтумен орайластырылып, «Педагогикалық ізденіс – кәсіби өсу кепілі» тақырыбындағы фестиваль формасында оздырылды. «Оралдағы Өрлеудің 2017 жылдағы жұмысы» тақырыбындағы инфографикалық бейнеролик институт тынысын терең зерделеп, көпшілікке паш етті.

Фестиваль шымылдығын ашып, алғысөз алған институт директоры, п.ғ.к. Софья Измуханбетова жыл бойы «Өрлеуде» атқарылған шараларға тоқталып, алдағы күтілетін міндеттерді де атап өтті. Өз кезегінде сөз алған директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Елдос Сафуллин «Педагогтің кәсіби өсуі» тақырыбындағы баяндамасында институт жұмысына, соның ішінде байқауларға терең тоқталып, «Өрлеудің» бес жылдығында атқарылған келелі істерді атап өтті.

«Ұстаздар ұстаханасы» жылдағы жаңалыққа толы жоспарлы жұмыстарынан жаңылмай, курстық, курсаралық шараларды өз деңгейінде өткізді. Фестиваль аясында дәстүрлі өткізіліп жүрген «Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі», «Сабақтың үздік контенті», «Жайық ұстазы» газетінің 15 жылдығына арналған «Жырлаймыз ұстаздардың мәртебесін!» байқауларының жеңімпаздары мен қатысушыларына дипломдар табысталды, сонымен қатар 5 жыл бойы Өрлеумен бірлесе, белсене жұмыстанған білім беру ұйымдарына Алғысхаттар табысталды.

Оралдың «Өрлеуінде» атқарылған игі істерді қорытындылаған фестиваль ұстаздар мәртебесін асқақтатып, жаңа жылдағы жаңа шараларға белсене қатысуға тың серпіліс берді.

 

Комментарии 

 
0 #1 Гауһар Қойшыбаева 2017-12-29 01:24 Қайырлы күн әріптестер!Күні кеше Фестивальға қатысып, бираз игі истердин қорытындысына куә болдым.5 жылдың ішінде айтарлықтай жұмыстар атқарып,Республ ика деңгейінде алдыңғы қатарлы орын алу-биз үшін үлкен Жетистик ари Мәртебе деп есептеймин!Фест иваль кезінде ойлап карасам,өз басым 2017 жыл бойы сиздермен тыгыз байланыста жұмыс жасаган екенмин.Каңтар айында PISA,ақпан айында Smart,мамыр айында Халықаралық конференцияға қатысып,тамыз-желтоқсан айларында Ағылшын курстары бойынша білімімді жетілдірдім.Енді міне желтоқсан айында "Сабақтың үздік контенти" байқауының 1орын жүлдегері ретінде марапатталып отырмын. Яғни сіздермен бірлескен жұмыс нәтижесінде жетістіктерге жетіп отырмын.Осы орайда Е.Сафуллин,М.Мурзабулатов,А.Абдрахманова,А.Мухашева,А.Накишев,С.Шагиров жəне Ə.Дандибаев секілді білікті мамандарға алгысымды білдіремін.Сиздерге денсаулық пен куш-қуат тілеймін. Өрлеу өрлей берсін.Жаңа жылда жаңа белестер мен мол жетістіктер Өрлеудің шаңырағында болсын. Цитировать
 
 
+1 #2 Махметова Айша 2017-12-29 15:45 Цитирую Гауһар Қойшыбаева:
Қайырлы күн әріптестер!Күні кеше Фестивальға қатысып, бираз игі истердин қорытындысына куә болдым.5 жылдың ішінде айтарлықтай жұмыстар атқарып,Республ ика деңгейінде алдыңғы қатарлы орын алу-биз үшін үлкен Жетистик ари Мәртебе деп есептеймин!Фест иваль кезінде ойлап карасам,өз басым 2017 жыл бойы сиздермен тыгыз байланыста жұмыс жасаган екенмин.Каңтар айында PISA,ақпан айында Smart,мамыр айында Халықаралық конференцияға қатысып,тамыз-желтоқсан айларында Ағылшын курстары бойынша білімімді жетілдірдім.Енді міне желтоқсан айында "Сабақтың үздік контенти" байқауының 1орын жүлдегері ретінде марапатталып отырмын. Яғни сіздермен бірлескен жұмыс нәтижесінде жетістіктерге жетіп отырмын.Осы орайда Е.Сафуллин,М.Мурзабулатов,А.Абдрахманова,А.Мухашева,А.Накишев,С.Шагиров жəне Ə.Дандибаев секілді білікті мамандарға алгысымды білдіремін.Сиздерге денсаулық пен куш-қуат тілеймін. Өрлеу өрлей берсін.Жаңа жылда жаңа белестер мен мол жетістіктер Өрлеудің шаңырағында болсын.

Біздің ұжымға деген игі тілек-ниетіңізге алғыс білдіреміз!
Цитировать
 
 
+1 #3 Елдос Сафуллин 2018-01-04 13:03 Цитирую Гауһар Қойшыбаева:
Қайырлы күн әріптестер!Күні кеше Фестивальға қатысып, бираз игі истердин қорытындысына куә болдым.5 жылдың ішінде айтарлықтай жұмыстар атқарып,Республ ика деңгейінде алдыңғы қатарлы орын алу-биз үшін үлкен Жетистик ари Мәртебе деп есептеймин!Фест иваль кезінде ойлап карасам,өз басым 2017 жыл бойы сиздермен тыгыз байланыста жұмыс жасаган екенмин.Каңтар айында PISA,ақпан айында Smart,мамыр айында Халықаралық конференцияға қатысып,тамыз-желтоқсан айларында Ағылшын курстары бойынша білімімді жетілдірдім.Енді міне желтоқсан айында "Сабақтың үздік контенти" байқауының 1орын жүлдегері ретінде марапатталып отырмын. Яғни сіздермен бірлескен жұмыс нәтижесінде жетістіктерге жетіп отырмын.Осы орайда Е.Сафуллин,М.Мурзабулатов,А.Абдрахманова,А.Мухашева,А.Накишев,С.Шагиров жəне Ə.Дандибаев секілді білікті мамандарға алгысымды білдіремін.Сиздерге денсаулық пен куш-қуат тілеймін. Өрлеу өрлей берсін.Жаңа жылда жаңа белестер мен мол жетістіктер Өрлеудің шаңырағында болсын.

Әсіресе 4 айлық курста оқығаныңыз көп күш жігерді қажет еткен болар. Сіздердей білікті мұғалімдердің Өрлеумен бірлесе және тұрақты түрде біліктілігін арттыруы - бәрімізді қуантады. Сізге табыс тілейміз!
Цитировать
 

Добавить комментарий