Курсовые мероприятия

Межкурсовые мероприятия

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Рухани жаңғыру» аясындағы диалог алаңы
29.01.2018 15:12

Үстіміздегі жылдың 29 қаңтары күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асырудағы «Педагогикалық идеялар панорамасы» тақырыбында диалог алаңы өткізілді.

Шараға институт кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамы, аудандық, қалалық әдістемелік кабинет  әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің, лицей, гимназиялардың пән мұғалімдері қатысты.

Алғысөз алған директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Елдос Сафуллин диалог алаңы жұмысының сәтті өтуіне тілектестік білдіріп, «Цифрлық технологиялар заманындағы педагог» тақырыбында өз ойын ортаға салды.

Шара барысында сөз алған тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев «Ұлттық сана: жаңғыруға ұмтылыс – жарқын болашаққа бетбұрыс»; профессор, ғылым докторы Ғабит Хасанов «Мәңгілік елдің болашағы – қазақ тілінде» тақырыптарында толғамды ой қозғады.

Деңгейлік бағдарламалар орталығы тренерлері Шынар Арыстанова мен Сәуле Файзуллина пән бойынша өз ізденістерін ортаға салып, пікір бөлісті.

Сонымен қатар осы шараға қатысқан институттың кітапхана меңгерушісі Индира Бадақова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Бірге оқимыз» жобасының өткізілу барысы туралы әңгімелесе, жетекші маман Алмагүл Улянова Елбасы мақаласындағы рухани, мәдени жобаларды насихаттау бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Шара соңында қатысушылар өз сауалдарынына тұшымды жауап алып, диалог алаңының өткізілу барысына жоғары баға берді.

 

Комментарии 

 
0 #13 Зухра Кусаинова 2018-01-31 12:16 керемет шара болды,тағыда фотолар болса Цитировать
 
 
0 #12 Бадакова Индира Мара 2018-01-30 14:27 Керемет шара болды. Облыс көлеміне танымал ғалымдардың баяндамаларының құндылығы керемет. Ел Президентінің "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" бағдарламасын насихаттау жолында институт ұйымдастырған бұл шара әр қатысушының бойына ұлттық патриотизмді ұялатты. Цитировать
 
 
0 #11 Арыс Серикович 2018-01-30 13:27 Өте маңызды тақырыптар айтылды. Цитировать
 
 
0 #10 Алина 2018-01-30 13:27 рахмет коптеген маглумат алдым Цитировать
 
 
0 #9 Нурекешова М.М 2018-01-30 13:26 Рухани жаңғыру аясында өткен диалог алаңында құнды пікірлер айтылды.Біраз мағлұматтар алдық Цитировать
 
 
0 #8 Маншук 2018-01-30 13:26 Рухани жангыру багдарламасынын маныздылыгын сезине билдик Цитировать
 
 
0 #7 Кенжебаева айгуль 2018-01-30 13:24 Өзекті тақырып талқыланды. Цитировать
 
 
0 #6 Акканым 2018-01-30 13:24 Конкретно даны и раскрыты цели программы. Цитировать
 
 
0 #5 Лаура Токтагалиева 2018-01-30 13:22 Елимздин дамуына катысты манызды маелелер айтылып, пикирлер тындалды.Елимиз оркендей берсин! Цитировать
 
 
0 #4 Абаева Анар 2018-01-30 13:20 Өте танымды және қызықты алаң болды. Көптеген пайдалы мәліметтер алдық Цитировать
 
 
+1 #3 Султангалиева А.Б 2018-01-30 13:19 Откен шара оз максатына жетти деп ойлаймын,озиме коп малимет алдым!!!! Цитировать
 
 
+1 #2 АйкоркемБахтыгереева 2018-01-30 13:17 Өзекті мəселелер қозғалып, біраз мағлұмат алдық Цитировать
 
 
0 #1 Бибигуль 2018-01-30 13:16 Өте маңызды ауқымды тақырыптар талқыланды. Цитировать
 

Добавить комментарий

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.