Курсовые мероприятия

Межкурсовые мероприятия

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді
01.02.2018 14:01

2018 жылдың 31 қаңтарында мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курс аясында Орал қаласындағы №21 мектеп базасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында көшпелі тәжірибелі сабақтар өткізілді.

Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі А.О.Сағынғалиева кіріспе сөз сөйлеп жылы қарсы алды. Психолог В.А.Сралиева «рухани жаңғыру – жарқын болашаққа бағыт» тақырыбында тренинг өткізді.

Тыңдаушылар А.А.Мурзабекованың және мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Жанасбаева мен бастауыш сынып мұғалімі Г.Қ.Бақытжанованың өткізген кіріктірілген сабақтарына қатысты.

А.О.Сагынгалиева мен С.С.Какимова «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш бә\ілім беру мазмұнының сабақтастығы»   деген тақырыпта шебелік-сыныбын көрсетті. Сонымен бірге «Мәңгілік ел өрендерінің үні» атты сыныптан тыс шара оздырылды.

Осындай мазмұнды жұмыс ұйымдастырғаны үшін мектеп директоры Л.С. Шаркубеноваға , бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі А.О.Сагынгалиеваға ризашылығымызды білдіреміз. Мектеп ұжымына шығармашылық шабыт және жаңа табыстар тілейміз.

 

Комментарии 

 
0 #1 Габбасова Багдагул 2018-02-05 15:15 Қаламыздағы №21 ЖОББМ ұжымына институт атынан, курсқа келгкн тыңдаушылар атынан ризашылығымызды білдіреміз. Болашақта жоспарлы істеріңізге сәттілік тілеймін! Цитировать
 

Добавить комментарий