Курсовые мероприятия

Межкурсовые мероприятия

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Оқыту семинары өтті
02.11.2019 11:47

Ағымдағы жылдың 2 қарашасы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» базасында «Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында саралап оқытудың тиімділігі» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарды Білім беру процесін педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы, тәжірибелі тренер Қуанаева Рысханым Сағынбайқызы ұйымдастырды.

Семинар барысында саралап оқытудың өзектілігі мен мүмкіндіктері қарастырылып, оқытудың тиімді жолдары анықталды. Қатысушылар саралаудың тапсырма, нәтиже, қарқын, диалог және қолдау, дереккөз, топтау және бағалау түрлері бойынша берілген материалдарды талдап, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай оқытудың мүмкіндіктері жөнінде ой бөлісті. Практикалық жұмыс барысында саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтап, топтық жұмыстар жасады.

Оқыту семинары соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Добавить комментарий

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.