Курсовые мероприятия

Межкурсовые мероприятия

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Кітапханашылар семинары
17.01.2020 09:42

Фотогалерея

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №6 ЖОББМ базасында Оралдың «Өрлеуінің» ұйымдастыруымен кітапханашыларға арналған «Мектеп кітапханашыларының кәсіби өсу аспектілері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Білім беру процесін педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы Қуанаева Рысханым Сағынбайқызының бастамасымен өткізілген тәжірибелік семинарда институттың кітапхана ісі бойынша бас маманы Бадақова Индира Маратқызы тәжірибелік сабақтар өткізді.

Білім беру ұйымдары кітапханашыларының кәсіби өсу жолдарын айқындау мақсатындағы семинар фасилитациялық сессия форматында өткізілді.

Семинар барысында мектеп кітапханашыларына  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» кітапханасының авторлық «Бірге оқимыз» жобасы таныстырылды. Аталмыш жобаның форматы мектеп кітапханасында ұжымдық, сыныптық оқу шараларын ұйымдастыруға таптырмас мүмкіндік. Семинар аясында «Бірге оқимыз» жобасының ықшамдалған формасы ұйымдастырылып, қатысушылар бір мезетте бірнеше қазақ қаламгерлерінің шығармаларымен танысты.

Семинар барысында  мектеп кітапханасы жұмысын дамытудың жаңа аспектілері ұсынылып, кітапхана қызметін  әлеуметтік желі арқылы насихаттау, желі арқылы қызмет көрсетудің тиімді тұстары түсіндірілді.

Сонымен қатар семинарда мектеп кітапханаларында қолданылатын  креативтік әдістердің түрлері таныстырылды. Кітапханалық қызметте оқырмандармен жүргізілетін жұмыстарда  смартфонды тиімді пайдалану, QR код арқылы ақпаратқа қол жеткізу, Google Форма құрастырудың жолдары туралы айтылды. Мұндай әдістер мектеп кітапханаларындағы оқырмандармен жүргізілетін жұмысты жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Кітапхана мамандарын институттың www.zkoipk.kz сайтындағы кітапхананың арнайы бөліміндегі ресурстарымен таныстырып, сайттағы дереккөз материалдарын қолдана отырып, теорияны тәжірибемен ұштастырды. Тыңдаушылар осы тұрғыда  Google форма арқылы оқырмандарға арналған арнайы сауалнама сұрақтарына жауап беріп, ресурстармен жан-жақты жұмыстануға машықтанды.

Семинар қорытындысындағы кері байланыста тыңдаушылар тәжірибелік семинарға оң баға берді және қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Добавить комментарий

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.