Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Деңгейлік бағдарламалар орталығы туралы

Деңгейлік орталық 2013 жылдың наурыз айында құрылды.

Деңгейлік бағдарламалар орталығы жұмысының мақсаты:

Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары мен курсаралық шараларды сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Деңгейлік бағдарламалардың міндеті:

1. Деңгейлік бағдарламалардың теориялық негіздері бойынша тұжырымдамалық білім мен түсінік қалыптастыру.

2. Деңгейлік бағдарламалардың негізгі бағыттары мен мазмұнына сәйкес мұғалімнің тәжірибелік дағдылары мен біліктілігін жетілдіру.

3. Мұғалімді мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге дайындау.

Деңгейлік бағдарламалардан күтілетін нәтижелер:

• мұғалімде тұжырымдамалық түсінік пен тәжірибелік дағдылар негізі қалыптасады;

• мұғалім өз тәжірибесі туралы сын тұрғысынан ойлану (рефлексия) дағдыларын, өзін-өзі жетілдіру, жағымды ойлау мен өзін-өзі кемелдендіру қабілеттерін, өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алу дағдысын иеленеді;

• педагог тұлғасының рухани-адамгершілік тұрғыда ішкі жан дүниесін өзгертуіне, оның ішкі әлеуетінің ашылуына, оны оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда жүзеге асыруына мүмкіндік беріледі;

• мектеп мұғалімдері кәсіби қоғамдастық аясында белсенді жұмыс істеуге дайын болады.

Орталықтың сапалық құрамы:

Деңгейлік бағдарламалар орталығында 5 тренер  қызмет етеді. Орталық жетекшісі – Хайруллина Айгуль Болатовна. Орталықтың үш тренері – магистр (А.Б.Хайруллина, А.М.Абишева, Ш.У.Арыстанова).

Орталықтың үш тренері Кембридж Халықаралық Емтихан Кеңесі шешімімен сертификатталып ресертификациядан өткен. Тренерлер А.Хайруллина 26.08.2016 ж., А.М.Абишева, Ж.Т.Узахова 27.10.2017 ж. Кембридж Халықаралық Емтихан Кеңесінің шешімімен ресертификациядан өтіп, сертификатталды.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің біліктіліктілігін арттырудың үшінші (базалық) деңгейлік курс тренерлері Ш.У.Арыстанова мен С.Н.Файзуллина тренерлік қызметті 30.10.2014 ж. «Бөбек» ҰҒПББСО берілген сертификат негізінде жүзеге асыруда.

 

Байланыс ақпараты: Орал қаласы, Евразия даңғылы, 238/2.

 

Деңгейлік бағдарламалар орталығы zkoipk.kz сайтында, zkoipk.kz/trener веб порталында сертификатталған мұғалімдердің облыстық желілік қоғамдастығын үйлестіреді.


Деңгейлік бағдарламалар орталығының құрамы:

Хайруллина Айгуль Болатовна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» деңгейлік бағдарламалар орталығының үшінші (базалық) деңгей тренері. Деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі, магистр.

Е-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Білімі:

1997ж. А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті, жаратылыстану факультеті

Ғылыми-зерттеу тақырыбы:

«Бірлескен оқу әрекетінде мұғалімдердің педагогикалық рефлексиясын дамыту жолдары»

Әдістемелік жинақ

• «Мектептегі тәжірибе кезеңінде дарынды және талантты оқушылармен топтық әрекетті ұйымдастыру әдістемесі» (әдістемелік құрал). Орал, 2013.

• «Критериалды бағалау» (әдістемелік нұсқаулық). Орал, 2014.

• Қалыптастырушы бағалау арқылы сапалы оқыту педагогтің біліктілігін арттырудың маңызды мәселесі: Әдістемелік құрал. – Орал, 2016.– 87б.  ISBN 978-601-7885-19-9


Абишева Алина Муратовна

«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы БҚО облысы бойынша ПҚ БАИ деңгейлік бағдарламалар орталығының үшінші (базалық) деңгей тренері, магистр.

Е-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Білімі:

2002ж. М.Өтемісов атындағы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, жаратылыстану факультеті.

Ғылыми-зерттеу тақырыбы:

«Деңгейлік біліктілікті арттыру курстары негізінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың жолдары»

Әдістемелік жинақ

• «Критериалды бағалау» (әдістемелік нұсқаулық). Орал, 2014.


Узахова Жансая Тлеккабиловна

«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы БҚО облысы бойынша ПҚ БАИ деңгейлік бағдарламалар орталығының үшінші (базалық) деңгей тренері, аспирант.

Е-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Білімі:

2004г. Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті, педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі факультеті.

Ғылыми-зерттеу тақырыбы:

«Совершенствование содержания, формы и методов повышения квалификации педагогических кадров в условиях нового формата образования».

Әдістемелік жинақ

• «Профессиональное развитие: из опыта работы сертифицированных учителей» (методическая рекомендация). Уральск, 2014.


Файзуллина Сауле Насипкалиевна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО бойынша ПҚБАИ деңгейлік бағдарламалар орталығының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің біліктіліктілігін арттырудың үшінші (базалық) деңгей тренері.

Е-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Білімі:

1991ж. Қ.Жұбанов атындағы педагогикалық институт, педагогика және психология факультеті.

2014ж. Поволжская государственная социально-гуманитарная академия, учитель-логопед.

Ғылыми-зерттеу тақырыбы:

«Нравственно-духовное развитие личности как определяющий фактор процветания общества»

Әдістемелік жинақ

• История развития дошкольного воспитания в Западно-Казахстанской области (әдістемелік құрал) - Орал, 2013.

• «Урок «Самопознания» на основе общечеловеческих ценностей"  (әдістемелік құрал). - Орал, 2015. - 70б (УДК 37.018.2  ББК 74.00.)

• Топтық шығармашылық іс-әрекет негізінде тұлға бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту  (әдістемелік құрал)  -  Орал, 2017. (ISBN 978-601-7885-25-0 ӘӨЖ 373 КБЖ 74.26 )


Арыстанова Шынаргуль Умбеткалиевна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО бойынша ПҚБАИ деңгейлік бағдарламалар орталығының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің біліктіліктілігін арттырудың үшінші (базалық) деңгей тренері, магистр.

Е-mail: shinargulhanim@mail.ru

Білімі:

2002г. А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті, педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі факультеті.

Ғылыми-зерттеу тақырыбы:

«Рухани-адамгершілік білім беруде педагогикалық үдерісте жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту жолдары»"

Әдістемелік жинақ

• «Топтық шығармашылық іс-әрекет негізінде тұлға бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту» (әдістемелік құрал). Орал, 2017.

• «Бастауыш сынып пәндеріне арналған жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдары» (әдістемелік нұсқаулық). Орал, 2017.

 

Пікірлер 

 
0 #8 Айгуль Болатовна 2018-02-12 14:05 Дәйексөз жазу Айсулу Темирхановна:
сіздерге арналған жақсы тілек жандарыңызға жайлы тиіп,жүздеріңді нұрландыра берсин.Денсаулық зор болсын!

Айсулу Темирхановна! Сыйластық тілегіңіз үшін алғыс айтамыз! Еңбегіңіз табысты болсын!
Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Айгуль Болатовна 2018-02-12 14:04 Дәйексөз жазу Айгуль Тлегенқызы:
Жаңа жыл сіздерге жаңа табыс,жаңа ой, шығармашылық шабыт, береке, бірлік әкелсін

Айгуль Тлегенқызы, үлкен алғысымызды білдіреміз. Еңбекте табысты болыңыз!!!
Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Айсулу Темирхановна 2016-11-01 13:19 сіздерге арналған жақсы тілек жандарыңызға жайлы тиіп,жүздеріңді нұрландыра берсин.Денсаулық зор болсын! Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Айгуль Хайруллина 2016-07-01 12:05 Әріптестер, рахмет! Сыртқы мотивация қай уақытта да жақсы ғой. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Айгуль Хайруллина 2016-07-01 12:00 Әріптестер, рахмет! Сыртқы мотивация қай уақытта да жақсы ғой. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Асылбек 2016-01-12 13:13 Педагогикалық кадрларды жаңа форматта қайта даярлау қызметтеріңізге сәттілік тілейміз! Дәйексөз жазу
 
 
+1 #2 Айгуль Тлегенқызы 2014-12-29 01:02 Жаңа жыл сіздерге жаңа табыс,жаңа ой, шығармашылық шабыт, береке, бірлік әкелсін Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Мухамбетова А Б 2014-11-03 18:18 Бөрлі ауданының бірінші орын алғаны үшін құттықтаймын Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.