Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
КІРІКТІРІЛГЕН БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ: НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚУ ЖҮЙЕСІ

Дүйісмағанбетова А.М., Алмағамбетова Ж.Қ.

Орал қаласындағы ФМБ  НЗМ ұстаздары


Еліміз өркениетті елдер қатарына қосыламыз деп қарыштап қадам басып жатқан тұста, білім жүйесіне де тың өзгерістер енуде. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы бағытта жұмыстану үшін білім сапасын арттыру ісіне ерекше мән беру қажеттілігі артады. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор.
Оқытудың жаңа технологиясы — оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануды, оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады.

Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы — оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Осы орайда Зияткерлік мектептері білім берудің жаңа бағдарламасын басшылыққа алып отыр.

Қазіргі таңда Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін кіріктіруді көздейді. Осы мақсатта Зияткерлік мектептердің үздік практик мұғалімдері мен стратегиялық әріптесіміз – Кембридждің Халықаралық емтихандық кеңесінің кеңесшілері бірігіп, Кіріктірілген білім беру бағдарламасын  яғни жаңа бағдарлама жасап шығарды.

Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын, бағдары жүйелі. Зиялы азаматты – сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуге ұмтылады. Аталмыш білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.

Кіріктірілген бағдарлама бірнеше құндылықты негізге алады. Олар:

  • құрмет;
  • әріптестік;
  • азаматтық жауапкершілік қалыптастыру;
  • ашықтық;
  • өмір бойы білім алу.

Белгіленген құндылықтар аясындағы Зияткерлік мектептердің  мақсаты – жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау.

Зияткерлік мектеп түлегі кең ауқымды дағдыларға ие болады. Нақтырақ айтқанда:

  • сын тұрғысынан ойлау;
  • білімін шығармашылықпен пайдалана білу;
  • зерттеушілік дағдылары;
  • АКТ дағдылары;
  • топта және жеке шебер жұмыс істей білуі;
  • коммуникативтік дағдылары (тілдік дағдыларын қоса алғанда);
  • қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары секілді бірнеше дағдылар қалыптасады.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін белсенді оқыту, командалық оқыту, пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL), т.б. озық педагогикалық әдістерді қолдану талап етіледі. Зияткерлік мектептердің мұғалімдері  инновациялық пәндік бағдарламалар және жоспарлармен жұмыс істеуге дайындық үшін ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығы филиалында, Кембридж кеңесшілері әр пән бойынша тәжірибелік сипатта ұйымдастырылған тренингтерден өз білімдерін толықтырып тұрады.  Мұғалімдер Кембриджбен бірлесіп дайындалған жаңа оқу жоспарларымен, сондай-ақ оқушылардың ХІХ ғасырда қажетті дағдыларын дамытуға арналған  белсенді оқыту әдістерімен таныс. Сол себептен де Зияткерлік мектептерде мұғалімдер жаңа бағдарламаны меңгеріп, сабақтарын талапқа сай өткізуде.

Ал жалпы  кіріктірілген оқу дегеніміз не? Кіріктірілген оқу бағдарламасының артықшылығы неде? Осы сұрақтардың жауабын зерделеп көрелік.

Кіріктірілу – бұл бір оқу мазмұнының  әр түрлі саладағы жан-жақты  білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Оқу үрдісінде пәндерді  кіріктіре оқыту: 
-ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға;

- сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;

- жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;
-оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға;

-білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті ұстаздың шексіз шығармашылығы тұрғысынан  жүзеге асыруға;
-сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;
-оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға;

-сабақ үрдісінде өтілетін тақырыптың адам және қоғам өмірімен тікелей байланысына мән беруге;
-оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға;

- олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.

Кіріктірілген білім бағдарламасы негізінде оқушылардың білімі критериалды бағаланады. Критериалды бағалау дегеніміз –  оқушының білімі мен білігін алдын ала белгіленген оқу жетістіктерімен салыстыра оқыту, соның негізінде оқушыны бағалау. Критериалды бағалау кезінде алдын-ала бағалау шкаласы белгіленіп, оқушының алдына соған жету жоспары қойылады. Бағалаудың мұндай жүйесі білім алушының кемшіліктерін өзіне түзетуіне мүмкіндік береді, оқушының өзін-өзі және өзгені бақылауына, бағалауына мүмкіндік туғызады,  бағаның айқындылығын, адалдығын сақтайды, оқушының сабақ үрдісінде өткен тақырыпты қалай түсінгендігін мұғалімге күнделікті саралап отыруына жағдай жасайды. Осының барлығының негізінде мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс бағалаудың жалпы негізін ашады.  Яғни, критериалды бағалау оқыту – тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру төрттігін басшылыққа алады.

Критериалды бағалау жұмысы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау арқылы жүзеге асады. Оқушы оқыту жоспарындағы барлық мақсаттар түгел қамтылған бірнеше қалыптастырушы бағалаулардан өтіп, тақырыпты түсінбей «талпынған» оқушы түзету жұмыстары арқылы оқу мақсатына «жетіп», ішкі жиынтық бағалауға келеді. Ішкі жиынтық бағалау мазмұны барлық критерий тұтас қамтылады. Дескрипторға сай тапсырманы толық меңгергендігін көрсетуі шарт. Соның нәтижесінде тоқсан соңында жиынтық бағалау оқушы білімін анықтап береді. Оқушы білімі баллдық жүйемен есептеледі.

Әлемде білім беру ісінің нәти­жесін бағалай білудің өзіндік тәжірибесі қалыптасқаны белгілі. Бұл ретте біз үшін оқушының қаншалықты білім алғандығы емес, оның алған білімін өмірлік тәжірибеде қаншалықты пайдалана ала­тын­дығы маңызды болып отыр. Ал біздің еліміздегі білім жүйесінде басым жағдайда оқушылар өздерінің алған теориялық білім деңгейімен бағаланып, сонымен ғана шек­теліп жататыны белгілі. Осы орайда оқушы білімін критериалды бағалау - педагогтарға нақтылық алып келетін бірден-бір жүйе.

Қорыта айтқанда, кіріктірілген білім бағдарламасы, ондағы оқушыларды критериалды бағалау - заман талабына сай шәкірт білімін дәл айқындауға мүмкіндік беретін бақылау жүйесі.

Әлемдік өркениет жолындағы үздіксіз даму кезеңінде  білім мен ғылымға баса назар аудару өзекті мәселелердің бірінен саналады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «Бәсекеге қабілетті экономика үшін» жолдауында: «Білім берудегі жаңалық – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -делінген. Немесе  бұл орынды пікірді Елбасымыздың тағы бір: «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» - деген пікірімен жалғауға болады. ХХІ ғасыр бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын ғасыр екендігін ескерсек, сол ғасырда  үздік  оқытудың үлгісі бола алатын көшбасшы, ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыратын ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтатын Зияткерлік мектептердегі білім бағдарламалары тиімді.

Қолданған әдебиеттер:

1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін енгізу тұжырымдамасы / nis.edu.kz сайты

2. Хакимиова Н. Критериальное оценивание как педагогическая технология / colligy.ucoz.ru

 



 

Comments 

 
0 #2 Lionel 2021-04-09 03:13 Промокоды – это один из маркетинговых инструментов,
которые используют магазины
для привлечения новых и удержания старых клиентов.
Мы помогаем нашим партнёрам
(магазинам) распространить информацию о скидках.

Если наш пользователь совершает покупку с промокод вулкан: http://promokod4u.comом или по акции - мы получаем вознаграждение.
Quote
 
 
0 #1 Hilton 2021-04-08 21:50 Промокод на бесплатную доставку очень популярен, хотя
сейчас, наверное, онлайн-магазины и
без того в большинстве своём организуют доставку.
Here is my web blog: промокод деливери: http://1-mecto.ru
Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.