Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша өткізілген курс
Monday, 20 April 2015 03:37

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК өткізген «Заманауи тәлімгер: тұлға, коммуникация, ұжым және технологиялар» тақырыбындағы қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, мектеп жанындағы лагерьлері, жазғы сауықтыру лагерьлері тәлімгерлерінің біліктілігін арттыру курсында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі Р. Ж. Бахтиярова мен аға оқытушы Ж. А. Еркегалиева дәрістер оқыды.

 
Облыстық семинар
Monday, 13 April 2015 08:40

2015 жылдың 10 сәуірінде Орал ақпараттық технологиялар колледж базасында «Мектеп оқушыларын жұмысшы мамандықтарына оқыту бойынша кәсіптік бағдар беру» тақырыбында облыстық оқыту семинар өтті.

 
Облыстық семинар-тренинг өткізілді
Monday, 13 April 2015 08:26

ҚР БжҒМ жоспарына сәйкес PISA-2015, TIMSS-2015  шараларын жүзеге асыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО АҚ  11.03.2015ж. №15-7-08-01-29-207 хаты негізінде ағымдағы жылдың 7-11 сәуір аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен  Орал қаласындағы №25 ЖОББМ базасында «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізілді.

 
2015 жыл –Ұлттық тарихымызды ұлықтау және мерейлі белестер жылы
Monday, 13 April 2015 04:02

Институт кітапханасында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалаудың мерейлі белестер жылы» деген атауда  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш көрмеде «Қазақ хандығына  - 550 жыл», «Ерлікке тағзым» Ұлы жеңіске – 70 жыл!», «Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата заңға -  20 жыл» тақырыптары кіріктірілді.

 
Казахстанский Межрегиональный Центр Повышения Квалификации
Wednesday, 08 April 2015 06:47

Приглашает на курс повышения квалификации педагогов на тему: «Инклюзивное образование»

Даты проведения: 20-25 апреля 2015 г
Язык проведения: русский

Время проведения: 9.00-18.00
Место проведения: г.Алматы, ул.Валиханова 43, Гостиница «Мерей» конференц-зал.

 
Хабарландыру
Thursday, 02 April 2015 04:09

Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» 2015 жылдың 27 сәуір -02 мамыр аралығында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған қазақ тілінде «Step by Step», ӨТШТ, Н.Зайцев және М.Монтессори педагогикалық жүйелерін, технологияларын мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруде қолдану» тақырыбында 36 сағаттық ақылы курс (9000 теңге) ұйымдастырылатынын хабарлай отырып, аталған курсқа тыңдаушылармен қамтамасыз етулеріңізді және 15 сәуірге дейін 54-37-00 факс номеріне,  This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it немесе  This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it электронды пошталар арқылы қатысушылар туралы мәлімет жіберулеріңізді сұраймыз.

 
Тренинг өткізілді
Friday, 27 March 2015 21:04

ҚР БжҒМ жоспарына сәйкес PISA-2015, TIMSS-2015  шараларын жүзеге асыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО АҚ  11.03.2015ж. №15-7-08-01-29-207 хаты негізінде ағымдағы жылдың 19-20 наурыз күндері «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында PISA тренерлерінің ұйымдастыруымен  «PISA, TIMSS халықаралық зерттеулерін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында тренинг өткізілді.

 
Республикалық ғылыми–тәжірибелік online конференция
Tuesday, 17 March 2015 09:48

2015 жылдың 12 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Атырау облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен өткен «Техникалық және кәсіптік білім беруді модернизациялау: проблемалар және даму перспективалары» тақырыбындағы республикалық ғылыми–тәжірибелік online конференцияның пленарлық мәжілісіне «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚ БАИ», Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, магистр А.С.Махметова қатысып, «Смарт құрылғылардың мүмкіндіктерін оқу үдерісіне тиімді пайдалану» тақырыбында баяндамасын оқыды.

 
Тарих пәні мұғалімдеріне арналған семинар-кеңес
Tuesday, 10 March 2015 11:10

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 26 қаңтарындағы №32 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында, Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» атты туындысын талқылап, оқытуды әдіснамалық тұрғыда түсіндіру үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – Мәңгілік Елдің Ұлы тарихы» тақырыбында А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы базасында семинар-кеңес өткізді.

 
Құрметті әріптестер!
Tuesday, 10 March 2015 03:29

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 2015 жылдың 1-31 наурыз аралығында өтетін «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа тұрғысы» облыстық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференция жұмысына қатысуға шақырады.

 
<< Start < Prev 81 82 83 84 85 86 87 88 Next > End >>

Page 84 of 88