Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
E-LEARNING ҮДЕРІСІН МЕКТЕПКЕ ЕНГІЗУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ж.Т. Балапанова

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы «Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы

 

Электронды оқытудың мазмұны қазақстандық білім беру жүйесімен астасып, сабақтасқандығымен ерекшеленеді. Электронды оқыту ұстаздың шығармашылын дамытудың маңызды құралы. Ұстаздың тақырыпты түсіндіруі барысында сабақ үдерісіне қажетті деректер мен дәйектерді, ақпарат көздерін қосымша пайдалануға электрондық оқыту үлкен мүмкіндік береді. Электронды оқыту жүйесін мектептерге енгізудің нәтижелі болуы алдымен педагог біліктілігіне, білім жетілдіруге деген саналы көзқарасына  байланысты. Осыған орай қазіргі ұстаз жаңа техникалық және педагогикалық жаңашылдықтарды өзара шебер үйлестіре алатын маман болуы тиіс.    Интернетте бұл жүйе оқушылар мен студенттер, мұғалімдер, өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар, ата-аналар, әкімшілер, тьюторлар және де басқа білім беру үдерісіне қатысушылар пайдаланатын өзіндік Интранет ретінде қызмет етеді. Олардың әрқайсысының өз логині мен паролі болады. Жүйеге кіргенде пайдаланушы өзінің жеке кабинетіне, яғни өзінің жеке меншік кеңсесіне кіреді, бұл оқушылар мен студенттерге – копьютерлік бағдарламалар бойынша оқуға, басқарушыларға – қашықтықтан басқаруға, ата-аналарға – өз балаларының оқу жетістіктерімен танысуларына мүмкіндік береді. Бұл – қашықтықтан мобильдік өзара әрекеттестік жағдайында білім беру үдерісіне қатысушылардың жаңа қарым-қатынасы түзілетін, ең негізгісі, барлық үйренушілерге тең мүмкіндік берілетін оқытудың жаңа парадигмасы болып табылады.Электронды оқыту мұғалімдердің шығармашылықпен айналысуына, балалармен тікелей байланыс орнатуына, қызықты істер мен шығармашылық туындыларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы, ата-ана да білім беру үдерісінің белсенді мүшесі бола алады.

Елбасы атап көрсеткеніндей, электронды оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат – білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қолжетімділігін қам-тамасыз ету. Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электронды оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтайды. Сондай-ақ, ол біріншіден, білімді дамы-тудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электронды оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етеді.

Электронды оқыту жүйесі барлық білім беру мекемелері, мұғалім, оқушы және олардың білім беру ортасында ауысып отыруы туралы мәліметтерді сақтайды. Электронды оқыту өмірімізге енгенге дейін білім алу кітаптың көмегіне сүйенілді, теорияны оқуға көп уақыт кетті. Қазіргі бала нұсқаулықты оқымайды, барлығын іс жүзінде көргісі келеді, эксперимент жасауға қорықпайды, ақпараттар айдынында еркін жүзетін бала керегін мұғалімнен бұрын біліп алады. Күнделікті өмірде мынадай жағдай таныс: жаңа теледидардың пультін кім тамаша меңгерген? әрине, жастар. Сондықтан да қазіргі кезде біздің болашақ ұрпағымыздың талабына жауап бере алатындай электрондық оқыту жүйесінің үздік контентін  жасақтауды ойлану керек дейді мамандар.

Электрондық оқыту білім беру үдерісінің барлық деңгейлерінде, мектептен  жоғары оқу орнына дейін, түбегейлі өзгерістер еңгізуде. Қазіргі таңда e-learning жүйесін енгізу әлемде жетекші трендтер қатарына қосылды. Өйткені компьютерлік технологиялар кәсіби экзотика қатарынан шыққалы қашан, ол күнделікті өмірдегі қажеттілікке, ең алдымен жастардың қажеттілігіне айналды. Оқушылар мен студенттер компьютерден, планшеттен немесе басқа да жабдықтардан оқулықтар оқуға мүмкіндік алып отыр. Электронды оқулық сізбен виртуалды әңгімелесе алатын, сұрақтар қоятын, түсінбегеніңізді түсіндіре алатын, қызықтырған мәселені тереңірек зерттеуге мүмкіндік беретін интерактивті білім алу жүйесіне айналды. Бұған қоса заманауи мультимедиялық мүмкіндіктер арқылы ең атақты педагогтар мен оқымыстылардың графика, бейне көріністер пайдаланылған дәрістері мен сабақтарына қол жеткізуге болады.

«Бұл жүйенің артықшылығы неде?» деген сұраққа жауап берер болсақ, электронды  оқыту  жүйесі  еліміздің білім беру жүйесін жаңа сатыға көтерумен қатар, ауқымды жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берері сөзсіз. Дамыған елдердің білім беру жүйесі түсіндіру, жеткізу қағидаларына негізделген дәстүрлі  оқыту жүйесінен бас тартып, электронды оқытуға көшкен. Электронды оқыту  әдістемелері ақпараттық технологияларды пайдалану  арқылы білім  бағдарламасын толыққанды  меңгеруге жол ашады. Бұл педагогикалық үрдіске тың серпіліс әкеледі. Яғни, оқушының белсенділігін, қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

2013 -2014 оқу жылында  Атырау облысы бойынша 30 білім беру ұйымдары, оның ішінде 24  жалпы білім беретін мектептер, 6 кәсіптік білім беру ұйымдары электрондық оқыту жүйесіне(e-learning)  көшірілді.  
Электрондық оқыту жүйесінде желіде еркін таралатын оұу материалдары бар ашық білім беретін қорлары жасақталып, жасалынған электрондық ақпараттық ресурстары және мультимедиалық білім жасақтамалры еркін аударылып, электрондық оқыту жүйесінде Интернет арқылы қолданылады.

Электрондық оқыту жүйесіндегі ақпараттық ресурстарға оқу теледидарының цифрланған материалдары енетін болады. Сандық білім беру ресурстары оқыту үрдісінде бір тұтас ретінде қолданылатын, сандық түрде берілгендердің жиынтығы. Сандық білім беру ресурстары өзара байланысы бар оқыту объектілерінің жиынтығынан тұрады:
•    Символдық объектілер(белгілер, символдар, мәтіндер, графиктер);
•    Бейне объектілері(фото,суреттер);
•    Аудиоақпараттар(ауызша мәтіндер, диалогтар, музыка);
•    Видеообъектілер(анимациялар, модельдер, видеосюжеттер);
•    «Виртуалды нақты» объектілер(тренажерлар, интерактивті модельдер,конструкторлар)

Сандық білім беру ресурстарын қолданудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Біріншіден, мұғалім өзбетімен сабағын құрастыра алады. Екіншіден, мұғалім сабағын сандық білім ресурстардың мазмұны негізінде өткізе алады. Үшіншіден, оқушы өз бетімен танымдық іс-әрекет атқарады(мектепте болмаған жағдайда) бағдарламалық оқыту арқылы жүзеге асады.

Біздер смарт қоғамда, басқаша айтқанда ақылды қоғамда өмір сүреміз. Біз  өміріміздің барлық аспектілерін жақсартуға қажетті түрлі техникалық құрылғылармен және әртүрлі қызмет түрінің қоршауындамыз. Барлық жерде барлық желілерге  қол жетімділік бар. Әр адам көпфункциялы құрылғыға ие: смартфон, планшет және т.б.  Яғни жастарымыздың қолында осындай мүмкіндіктер бар. E-learning жүйесін кеңінен қолданып жүрген дамыған елдердегі үлгерім 15-20 пайызға өскен. Оқушы берілген тапсырмаларға кез-келген жерден қалаған уақытында қол жеткізе алады; ақпаратты басқа оқушылармен бірге қолдана алады; мұғалім мен басқа да оқушылармен байланыс жасай алады. Яғни оқушы анағұрлым мол білімдік қорымен болашақ өмірге батыл қадам жасайды.

Электронды оқыту жүйесіне көшу кезеңінде көптеген қиындықтар туындайды:
-    интернет желісі жылдамдығының төмендігі;
-    жүйедегі сервердің  дұрыс жұмыс жасамауы;
-    сандық білім ресурстарының пәндік салалардың оқу бағдарламасы бойынша қолжетімділігі;
Мемлекет өз кезегінде ақпараттық технологиялардың дамуына, білім беру мекемелерінің компьютерлік, интерактивті техникамен, мультимедиалық кабинеттермен жабдықталуына жағдай жасап отыр.

Алдағы уақытта да қомақты жұмыстар атқарылады, яғни алдағы жылдар  да түбегейлі өзгерістерге толы болмақ. Елбасының биылғы Жолдауында айтылғандай, елді, білім беруді жаңғыртуға атсалысуға біз де ниеттіміз.

 

Comments 

 
+2 #1 Дарья Кабдуллиева 2014-02-26 19:02 Елбасының биылғы Жолдауында айтылғандай, елді, білім беруді жаңғыртуға атсалысуға біз де ниеттіміз. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.