Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

А.А. Беркалиева

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, Орал қаласы

 

«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет
болу үшін біз сауаттылығы жоғары
елге айналуымыз керек»
Елбасы Н.Ә.Назарбаев

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауының бірінде барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс - тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап көрсеткен еді. Демек, бүгінгі таңда педагогикалық ұжым мен сол ұжымды құрудағы педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері – сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушылардың білімі мен қызығушылықтарын арттыру. [2]

Сабақ – оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше сабақтың өз мәнінде өтуі оқытушының шеберлігіне байланысты. Ал оқытушының  шеберлігі – сабақтың түрі мен оны өткізудегі тиімді әдісті таңдай білуі. Одан кейінгі кезекте төмендегі талаптардың бір арнаға тоғысуы:

  • Теориялық білімнің жоғары дәрежеде болуы;
  • Сабаққа мақсатты айқын қою;
  • Оқытудың таңдаған әдісін жетік білу;
  • Жаңа білімнің өткенмен байланысы;
  • Оқушының жас ерекшелігі мен қабілетін ескеру;
  • Сабақтың тәрбиелік мақсатына үнемі көңіл бөлу.

Осы талаптарды басшылыққа ала отырып, жоспарланған сабақ өз нәтижесін берері анық. Заман талабына ілесу – ұлы мұрат. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын қолдану.
Әлемде «e-Learning» деп атап кеткен электрондық оқыту жүйесі Отандық білім жүйесіне енгізудің маңызы зор деп санаймын.
«e-Learning» дегеніміз не?

Бұл – барлық әлем елдерінің білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялармен келген, бүгінгі экономика мен қоғамның бірде-бір саласының мазмұнын оларсыз іске асыру мүмкін емес, электрондық оқыту жүйесі.

Қоғамның дамуы бүгінгі таңдағы білім беру процесінде дамыған елдер стандартына деген ұмтылысты қажет етуде. Ал әлемдік білім кеңістігіне ену, әрине, бәсекеге қабілеттілік ұғымымен байланысты. Қажеттілік, қабілет, мүмкіндіктен туындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады.[1]

Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол – білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.
2010-2015 жылдарына арналған электрондық оқыту жүйесінің тұжырымдамасында электрондық оқыту жүйесінің мақсаты мен міндеттері көрсетілген. Электрондық оқытудың бірыңғай жүйесінің мақсаты - білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешу жеткілікті:
-  Электрондық оқыту жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту;
-  Білім беру ұйымдарының технологиялық инфрақұрылымын дамыту;
-  Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануды дамыту;
-  Сандық білім ресурстарын дамыту;
-  Ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету және электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау. [3]

Электрондық оқытудың негізгі субъектілері болып білімдік процесс пен басқарудың тікелей қатысушылары: білім беру ұйымдарының директоры,  директордың орынбасарлары (оқу және тәрбие істері бойынша, ғылым бойынша, әкімшілік-шаруашылық іс-әрекеттер бойынша және т.б), мұғалімдер, сынып жетекшілері, психологтар, оқушылар, ата-аналар, кітапханашылар, дәрігер қызметкерлер саналады. Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады. [3]

Электрондық оқытудың  мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • «Қазақстан мұғалімі» ақпараттық, танымдық және әдістемелік басылым.
  • «Қазақстан білім қоғамы жолында» Н.Ә.Назарбаетың интерактивті дәрісі.
  • 2010-2015 жылдарына арналған электрондық оқыту жүйесінің тұжырымдамасы.
 

Comments 

 
0 #1 Abylai Kanatbek 2019-11-18 14:21 Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.