Course events

Intercourse events

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Облыстық семинар
Friday, 23 January 2015 13:25

2015 жылдың 21 қаңтары күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» жоспарына сәйкес Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы бастамасымен «Оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын және мәселені коллаборативті шешу дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар болып өтті.

Аталмыш семинар Орал қаласындағы  М.Ықсанов  атындағы  №36 ЖББОМ базасында 12 жылдық білім берудің бастапқы оқу бағдарламасы бойынша апробациядан өтетін №36 ЖББОМ  бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі қазақ сыныбындағы, ағылшын тілі, информатика пәндерінің мұғалімдеріне арналды.

Мақсаты: оқушыларды PISA бағдарламасы тапсырмаларын орындауда оқытудың белсенді стратегияларын қолдану бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту. Семинарға 15 мұғалім қатысты.

Топ ішіндегі қарым-қатынас тыңдаушылардың ой-өрісін дамытып, мәселенің шешімін табуда шығармашылықпен жұмыстануға бағыттайды, сөйтіп жаңа шешім қабылдауларына мүмкіндік береді. Топтық іс-әрекет  әрбір қатысушыдан мәселені бірлесіп шешу дағдыларын қолдануды талап етеді.

 

Comments 

 
0 #1 Елдос Набиоллаұлы 2015-02-02 00:21 Фотосуреттер бар ма? Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.